АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ «ДАРЫН» АРНАУЛЫ ГИМНАЗИЯСЫ – «ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ ӘРІПТЕСІ

 

Біз – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған 11 жылдан бері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара шығармашылық байланыста бірлесе жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз.

Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы әсем Алатаудың етегінде, сұлулығына көз тоймайтын тамаша табиғат құшағындағы Алмалыбақ ауылында орналасқан.

Біз бұған дейін де осынау ерекше білім ұясының оқушыларымен және педагогикалық ұжымымен бірлесе әртүрлі қызықты іс-шаралар ұйымдастырғанбыз.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша 2019 жылғы 08 қазанда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі күндерін өткіздік.

2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында бекітілген жұмыс жоспары бойынша Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде:

- Балаларды «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйімен таныстыру;

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат беру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осынау бірлескен іс-шарамыз туралы есептік ақпараттар Facebook әлеуметтік желісіндегі Zertteushi Kásiptik Baǵdar парақшамызда да жарияланды.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
04.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
28.10.2019
Мырзашөл өңірінде балалар және білім беру саласындағы заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік