АЛЫСТАҒЫ АУЫЛ МЕКТЕБІ МҰҒАЛІМДЕРІМЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚҰҚЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫҚ

2019 жылғы 20 тамыз күні еліміздің қиыр оңтүстігінің ең түкпіріндегі Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Білім бөліміне қарасты «Нұртас Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық ұжымымен бірлескен іс-шара өткіздік.

Аталған басқосуды Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі ұтып алған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» деген тақырыптағы мемлекеттік грантын жүзеге асырудың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырдық.

Іс-шара барысында:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымы дайындаған Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау туралы баяндаманың «Балалар еңбегі» бөліміндегі Түркістан облысындағы Мырзашөл өңіріндегі мақта жинау, басқа да науқандық жұмыстар кезінде мектепке бармайтын балалар туралы мәліметтерді талқыға салдық;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен 2019 жылы жарияланған Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама бойынша пікір алмастық.

Сонымен бірге алыстағы ауыл мектебінің мұғалімдерін білім және ғылым саласының сарапшы маманы ретінде өзіміз қатысқан 2019 жылғы 16 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің сөйлеген сөздерінде айтылған өзекті мәселелермен жан-жақты таныстырдық.

Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері білім саласындағы өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша көптеген өткір сұрақтар қойып, қызу пікірталас болды.

Біз осы басқосудың өтуіне ұйытқы болып, белсене атсалысқан Түркістан облысындағы Жетісай аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Разия Орынбасарқызы Исаеваға, «Нұртас Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Роза Тоқтасынқызы Омароваға алғысымызды білдіреміз.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

(Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі жариялап отыр).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.