ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ӘКІМШІЛІГІНЕ АРНАЙЫ ҰСЫНЫСТАР ЖОЛДАНДЫ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.

Атап айтқанда:

- «Білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға, оның ішінде босқындар мен мигранттарға мониторинг» тақыбындағы зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді;

- Білім алуға балалардың құқықтарының бұзылу себептері бойынша талдау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді;

- Мектептер мен колледждер оқушылары арасында «Балалар құқығы» тақырыбы бойынша эссе конкурсын өткізіліп, оның қорытындысы шығарылды, аталған конкурсқа 120-ға жуық оқушы қатысты, конкурсқа қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар және Сертификаттар берілді, 20 жүлдегер оқушы арнайы Дипломмен марапатталды;

- Педагогтар арасында «Балалар құқығы» білім беру бағдарламасын жасауға конкурс өткізілді, конкурсқа 112 педагог қатысты, конкурсқа қатысушылардың барлығына Алғыс хаттар және Сертификаттар берілді, 10 жүлдегер педагог арнайы Дипломмен марапатталды;

- «Балалар құқығы» білім беру бағдарламасын жасау конкурсы бойынша жұмыс отырысы өткізілді;

- «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жоба гранты нәтижелердің көпшілік алдындағы таныстыру рәсімі ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы мемлекеттік гранты бойынша әлеуметтік жобаны іске асыруға қосқан ерекше үлестері үшін төмендегі әріптес-серіктестерімізге Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының арнайы Дипломдары мен Алғыс хаттары тапсырылды:

- Бақыт Насырханұлы АСАНОВ, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының әкімі;

- Шералы Оспанәліұлы ҚАНЫБЕКОВ, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы;

- Қасымбек ХАМЕТОВ, Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағының төрағасы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы;

- Разия Орынбасарқызы ИСАЕВА, Түркістан облысы, Жетісай аудандық Білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

- Роза Тоқтасынқызы ОМАРОВА, Түркістан облысы, Жетісай ауданы, «Нұртас Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары;

- Анар Насировна СПАЕВА, Түркістан облысы, Жетісай аудандық Білім бөлімінің «Я. Есенбеков атындағы № 59 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Математика» пәнінің мұғалімі;

- Ләззат Сламханқызы ТУЛЕМИСОВА, Түркістан облысы, Жетісай аудандық Білім бөлімінің Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің аға тәлімгері;

- Мұратбек Тұлапұлы СЕРІКБАЕВ, Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің басшысы Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің басшысы;

- Ұлтуар Құдайбергенқызы ИСЛАМОВА, Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі;

- Сәуле Лайыққызы СҮЛЕЙМЕНОВА, Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің әдіскері;

- Жұмагүл Әбілдақызы БАЙТІЛЕУОВА, Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің әдіскері.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік грантымен жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының арнайы ұсыныстары жолданды.

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.