ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНДЕ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша Мырзашөл өңірінде белгіленген жоспар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазіргі кезде Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығы құрылып, Мырзашөл өңірінің балалары мен жастарына мынадай бағыттар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

- Балалар «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстырылып жатыр;

- Балалар мен жастарға, олардың ата-аналарына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйі жайында жан-жақты ақпарат берілуде;

- Мырзашөл өңірінің мектептері мен колледждерін бітірген талапкерлерге жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат берілуде.

Сонымен бірге Мырзашөл өңірінде балалар және жасөспірімдермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде мұражайлардың, кітапханалардың және мәдени-демалыс үлгісіндегі мекемелердің ақпараттық-танымдық, шығармашылық және оқыту қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру мақсат етілген.

Кеше, 2019 жылғы 30 шілде күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы МЫРЗАЛИЕВ Тұрсынбай Азратұлымен кездесіп, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша Асықата кентінде құрылған «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығының қызметімен жан-жақты таныстырды.

Сондай-ақ кездесуде Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Азратұлы МЫРЗАЛИЕВ Мырзашөл өңірінің білім саласын дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жайында айтып берді.

Кездесу кезінде Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшыларына, Облыстық білім беру ұйымының басшыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» 24-ші тармағына сәйкес (облыстық білім басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдері ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады) «Алтын адам» отандық тігін фабрикасының дистрибьютері А. Рахымбердиевтің 2019 жылғы 12 маусымдағы №4718 хатын назарға ұсына отырып, заң аясында жұмыс жасауларын сұраған, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №9 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларының» 6 тармағы 10 тармақшасында «Педагог қызметкер өз қызметінде өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады» деп көрсетілгендігін ескерткен 26.06.2019-ғы № 06/2471 шығыс хатында айтылған мәселелерді жүзеге асырудың мән-жайы да талқыланды.

Кездесу ашық-жарқын әріптестік пікіралмасу жағдайында өтті.

Кездесуге мектеп оқушыларына арналған киімдер тігетін «Алтын адам» отандық тігін фабрикасының дистрибьюторы Асқар Сатыбалдыұлы РАХЫМБЕРДИЕВ, Жетісай аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Разия Орынбасарқызы ИСАЕВА және Жетісай аудандық білім бөлімінің тәрбие саласы бойынша бас маманы Нұрсұлу Жүндібайқызы РАЙЫМБЕКОВА қатысты.

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

10.10.2019
Алматы облысының ұстаздар қауымы балалардың 90%-ын қосымша біліммен қамтамасыз етіп, еліміз бойынша орташа көрсеткіштен те жоғары нәтижеге қол жеткізді
09.10.2019
Біз – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған 11 жылдан бері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара шығармашылық байланыста бірлесе жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз.
27.09.2019
2019 жылғы 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінде «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізілді.