«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТЫ БОЙЫНША ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.

2019 жылғы 13 мамырдағы мемлекеттік гранттар беру үшін Үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалау бойынша конкурстық комиссиясы қорытындысының негізінде және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығымен бекітілген, Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларының 26-шы тармағына сәйкес, 2019 жылғы 31 мамыр күні «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқармасының төрайымы Батима Куанышкызы Мукина және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры Мырзантай Қожабайұлы Жақып Грант беру туралы № 68 шартқа қол қойды.

2019 жылғы 31 мамырдағы Грант беру туралы № 68 шартқа сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі ұтып алған Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы мемлекеттік гранты бойынша әлеуметтік жобаның толық сипаттамасы, әлеуметтік жобаны іске асыру бойынша шығыстар сметасы, әлеуметтік жобаның күнтізбелік жоспары, төлемдер мен есептер кестесі және тағы басқа да қосымша құжаттар бекітілді.

Осыған орай, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы мемлекеттік гранты бойынша жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға кіріскенін хабарлаймыз.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр:

1) Білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға, оның ішінде босқындар мен мигранттарға мониторинг жасау:

- «Білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға, оның ішінде босқындар мен мигранттарға мониторинг» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу;

- Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қазылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жоғары және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына іссапармен бару;

- «Білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға, оның ішінде босқындар мен мигранттарға мониторинг» тақырыбындағы зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізу;

2) Білім алуға балалардың құқықтарының бұзылу себептерін талдау және анықтау:

- Білім алуға балалардың құқықтарының бұзылу себептері бойынша талдау-анықтамалық материал дайындау;

- Білім алуға балалардың құқықтарының бұзылу себептері бойынша талдау қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізу;

3) Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар тақырыбы бойынша заңнаманы жетілдіру үшін жұмыстар жүргізу бойынша заңнаманы жетілдіру үшін жұмыстар жүргізу:

- 2018 жылғы Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама бойынша отырыс өткізу;

- Мүдделі уәкілетті мемлекеттік құрылымдарға заңнама бойынша ұсыныстар енгізу;

4) Балаларды құқықтық ақпараттандыру:

- Ақпараттық-білім беру орталығын құру;

- «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашу және өткізу;

- Мектептер мен колледждер оқушылары арасында «Балалар құқығы» тақырыбы бойынша эссе конкурсын өткізу;

5) Бала құқықтары бойынша мектеп бағдарламаларының жобасын әзірлеу:

- Педагогтар арасында «Балалар құқығы» білім беру бағдарламасын жасауға конкурс өткізу;

- «Балалар құқығы» білім беру бағдарламасын жасау бойынша жұмыс отырысы. «Балалар құқығы» білім беру бағдарламасын жасау бойынша жұмыс отырысы;

6) Балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу:

- Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алуға зерттеу нәтижесі негізінде уәкілетті мемлекеттік орталық және жергілікті органдарға ұсыныстар дайындау;

- «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізу.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысындағы Мырзашөл өңірінде құрылатын балаларға арналған Ақпараттық-білім беру орталығында:

- Балаларды «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңымен таныстыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсаттары мен оны жүзеге асырудың жай-күйімен таныстыру;

- Жұмыс күші артық өңірлерден шыққан жастарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік білім беруге және оларды жұмыс күші тапшы өңірлерге – Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарына жұмысқа орналастыруға бағытталған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы туралы ақпарат беру және басқа да іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Сонымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебінде балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сабақтар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы мемлекеттік грантын жүзеге асыруға белсене атсалысқан балалар мен ұстаздар қауымына арнайы Сертификаттар беру және басқа да марапаттау іс-шаралары жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысының Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы және «Балалар құқығы» жазғы мектебінің кеңсесі Жетісай ауданының Асықата кентінде орналасқан.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Түркістан облысына қарасты Мырзашөл өңіріндегі Ақпараттық-білім беру орталығы өзінің жұмысын 2019 жылғы 13 шілде күні бастайды.

Біз «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің әлеуметтік жобаларына қолдау білдіріп отырған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

24.08.2019
2019 жылғы 21 тамыз күні Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын қорытындылады.
24.08.2019
2019 жылғы 20 тамыз күні еліміздің қиыр оңтүстігінің ең түкпіріндегі Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Білім бөліміне қарасты «Нұртас Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық ұжымымен бірлескен іс-шара өткіздік.
15.08.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде, яғни Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарында балалар және жасөспірімдермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде мұражайлардың, кітапханалардың және мәдени-демалыс үлгісіндегі мекемелердің ақпараттық-танымдық, шығармашылық және оқыту қызметін дамыту мақсатында олардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен және рухани қазыналарымен танысуына мүмкіндік жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.