МАГИСТРАНТТАРДЫ «ZERTTEUSHI.KZ» ҒЫЛЫМИ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫНДА МАҚАЛАЛАРЫН ЖАРИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Құрметті магистранттар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» талаптары бойынша магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми басылымдарда жариялануы тиіс.

Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталы» мекемесіне еліміздің жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.

Қазіргі кезде «ВАК» деген мекеме немесе ұйым жоқ. Бұрынғы «ВАК-тың» (бұл – «Высшая Аттестационная Комиссия немесе Комитет» деген сөз тіркесінің қысқартылған түрі) қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті атқарады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталы» мекемесінің екі журналы: «Зерттеуші – Исследователь» және «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналдары жоғарыда аталған Комитеттің 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі арнайы Тізімінде болған.

2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің баспа түріндегі ғылыми журналдарын шығару тоқтатылып отыр.

2018 жылғы 15 маусымнан бастап «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі (Нұр-Сұлтан қаласы) «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымы жарық көріп келе жатқанын еске салғымыз келеді.

Интернет желісі бойынша таралатын «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жазылған ғылыми мақалалар жарияланады.

«zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымына Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілді.

Еліміздің жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алушылардың мақала жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» талаптары бойынша реттеледі.

Аталған стандарттың «Магистратура» атты 1-параграфының талаптарына сәйкес магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ең кемі бір жарияланымда және (немесе) ғылыми-практикалық конференцияға қатысуында көрінуі тиіс.

Яғни Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» (1-параграф. Магистратура) магистранттар мақалаларын міндетті түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда ғана жариялауы қажеттігі туралы міндетті қағида жазылмаған.

Олай болса, магистранттар өздерінің мақалаларын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің арнайы Тізбесіндегі ғылыми журналдарда ғана жариялауға міндетті емес.

Магистратурада білім алушылар өздерінің мақалаларын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жариялауға құқығы бар. Және «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланған мақалаларды магистратураға байланысты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қабылдауға міндетті.

Магистранттардан міндетті түрде Комитеттің арнайы Тізбесіне енгізілген ғылыми журналдарда ғана мақала жариялауды талап етіп жүрген ғылыми жетекшілердің талаптары заңсыз екенін атап өткіміз келеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің магистратураға байланысты стандартында немесе тиісті Ережелерінде мұндай талап жоқ. Тек қана PhD докторантурасында оқитындардан, қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атағын алуға үміткерлерден ғана Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұрынғы және қазіргі Тізіміндегі ғылыми журналдарында мақала жариялау талап етіледі.

Сол себепті егер Сіздер магистрант болсаңыздар, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымына өз мақалаларыңызды ұсына аласыздар.

Осыған орай, Сіздерді өздеріңіздің ғылыми жұмыстарыңызды Сіздерді өздеріңіздің ғылыми жұмыстарыңызды «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында БАРЛЫҚ ПӘНДЕР, МАМАНДЫҚТАР МЕН БАҒЫТТАР БОЙЫНША іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектеріңізді, сонымен бірге әдістемелік жұмыстарыңызды жариялауға шақырамыз.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымының меншік иесі – «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі (Нұр-Сұлтан қаласы).

Желілік басылымның тілі: қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше.

Шығу жиілігі: Тәулік бойы.

Тақырыптық бағыты: Ғылыми.

Таралу аумағы: интернет желісі бойынша.

Бас редактор: Жақып Мырзантай Қожабайұлы.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілді.

«zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында бір мақала жариялау жарнасының мөлшері:

Қазақстан Республикасында тұратын авторлар үшін:

10500 (он мың бес жүз) теңге.

Жақын және алыс шетелдерде тұратын авторлар үшін:

100 (жүз) АҚШ доллары.

Ғылыми мақалалар жариялау үшін жарнаны мына есепшотқа аудару қажет:

Біздің банктегі есепшоттарымыз

KZT: «Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БИН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131,  БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Журналда ғылыми мақала жариялау үшін жарна».

USD: Republican Scientific-Educational Center Zertteushi (Respublikanski nauchno-obrazovatelnyi centr Zertteushі), KZ40 6017 1110 0002 4291, JSC Halyk Bank (HSBK), Almaty, Kazakhstan, HSBKKZKX, Bank of New York Mellon, New York, USA, SWIFT/BIC: IRVT US 3N, 8900372605. «The fee for the publication of scientific articles in the magazine».

Ғылыми мақалалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек.

Сіздерге қажетті және пайдалы ақпараттар Интернеттегі сайтымыздың «Ғылыми қызметкерлер үшін», «Магистранттар үшін», «Мақала жариялау ережесі», сондай-ақ басқа да бөлімдерінде жарияланған.

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

E-mail: info@zertteushi.kz

Хабарласу үшін: +77013971713, +77071105027, +77021059753.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.