«Бала құқықтары» эссе конкурсы

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында ұйымдастырылып отыр.

«Бала құқықтары» эссе жазу конкурсының мақсаты мен міндеті:

- Балаларды құқықтық ақпараттандыру.

Конкурсқа ұсынылатын «Бала құқықтары» тақырыбында жазылған эссенің мазмұнына қойылатын талаптар:

- «Бала құқықтары» тақырыбындағы эссе мектептер мен колледждер оқушыларының өздері жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбаған жұмысы болуы керек.

Конкурсқа ұсынылатын «Бала құқықтары» тақырыбындағы эссені мынадай салалардың бірі бойынша жазып, ұсынуға болады:

- Баланың денсаулық сақтауға құқығы;

- Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы;

- Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы;

- Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы;

- Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы;

- Баланың мүлiктiк құқықтары;

- Баланың тұрғын үйге құқығы;

- Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтауды қамтамасыз ету;

- Баланың бiлiм алуға құқығы;

- Баланың еңбек бостандығына құқығы;

- Баланың экономикалық қанаудан қорғалу құқығы;

- Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы;

- Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы;

- Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы;

- Баланың отбасындағы құқықтары;

- Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау;

- Баланың ата-анасымен бiрге тұру құқығы;

- Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы;

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары;

- Мүгедек баланың толымды өмiрге құқықтары;

- Балаларды ұлттық және әлемдiк мәдениетке баулу;

- Бала және дiн;

- Баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғау;

- Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау;

- Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау;

- Баланың мiндеттерi;

- Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi.

Конкурсқа ұсынылатын эссенің компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 5-7 бет еркін тақырыпқа жазбаша эссе мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, білім беру ұйымының (колледждің немесе мектептің) толық атауы, жетекші мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурс жеңімпаздары Дипломдармен марапатталады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланған мектептер мен колледждердің оқушылары мен олардың жетекші ұстаздарына Алғыс хаттар және Сертификаттар тапсырылады.

Ал конкурсқа қатысып, «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобының «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткеннен кейін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы оқу-кеңестері беріледі.

Конкурсқа қатысу ТЕГІН.

Конкурсқа қатысушылардың жасына және сыныбына (курсына) шек қойылмайды.

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Біздің электрондық поштамыз: info@zertteushi.kz

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар 2019 жылғы 15 қазанға дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+7701 397 17 13, +7707 110 50 27, +7707 355 64 48.

Ескерту:

Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, т.б. жұмыстар қабылданбайды және қарастырылмайды.

Құрметті «Бала құқықтары» эссе жазу конкурсына қатысушы оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; ұстаздардың жетекшілік етуімен мектеп немесе колледж оқушысының шын мәнінде өзі жазған, баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

16.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Бала құқықтары декларациясының қабылданғанына – 60 жыл, Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына – 30 жыл толуына орай еліміздің ең қиыр оңтүстігіндегі Мырзашөл өңірінің Асықата кентінде (Түркістан облысы) 2019 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр
13.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
11.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.