МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНДЕ «БАЛАЛАР ҚҰҚЫҒЫ» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ САБАҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

2019 жылғы 21 тамыз күні Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын қорытындылады.

«Балалар құқығы» жазғы мектебінің балалардың құқықтары мен міндеттері туралы сабақтары 2019 жылғы 20 шілде күні Түркістан облысындағы Мақтаарал аудандық білім бөлімінің «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығына» қарасты қала сыртындағы жазғы сауықтыру лагерінде демалып жатқан Арыс қаласының мектеп оқушыларының қатысуымен басталып, Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Асықата кентінде ашылған «Мырзашөл» Ақпараттық-білім беру орталығында да жүргізілді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебінде мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымына:

- Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымы дайындаған Қазақстандағы балалардың жағдайын талдау туралы баяндаманың «Балалар еңбегі» бөліміндегі Түркістан облысындағы Мырзашөл өңіріндегі мақта жинау, басқа да науқандық жұмыстар кезінде мектепке бармайтын балалар туралы мәліметтер;

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен 2019 жылы жарияланған Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама;

- «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңының талаптары туралы жан-жақты ақпарат берілді.

«Балалар құқығы» жазғы мектебі Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі ұтып алған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» деген тақырыптағы мемлекеттік грантын жүзеге асырудың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебі сабақтарының өткізілуіне ықпал еткен Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсынбай Азратұлы Мырзалиевке, Жетісай аудандық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Разия Орынбасарқызы Исаеваға, Жетісай ауданындағы Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің директоры міндетін атқарушы Ғалымжан Ильичбайұлы Әбілхайыровқа, Жетісай ауданындағы Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің аға тәлімгері Ләззат Сламханқызы Тулемисоваға алғысымызды білдіреміз.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.

 

(Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі жариялап отыр).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.