РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖДЕРІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕР ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!


«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық оқу мамандықтары мен пәндері бойынша Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін және мектептердің оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері және мектептер оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарына белсене қатысуына, ғылыми желілік басылымдарда ғылыми жұмыстарын жариялауына бағыт-бағдар беру.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Ғылыми жұмыс жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің немесе мектептер оқушыларының өзі жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері немесе мектептердің оқушылары өз ғылыми жұмысында тиісті пән немесе ғылыми сала бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, жоғары оқу орнының, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілген «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға Дипломдар тапсырылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Ғылыми жұмыс жариялау үшін жарна».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

E-mail: info@zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң журнал және Грамоталар авторларға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+77013971713, +77071105027, +77021059753.

Ескерту:

Құрметті «Үздік жас зерттеуші» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың ғылыми жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің ғылыми жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған ғылыми жоба жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Ғылыми жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге ғылыми жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!


Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.05.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорында арнайы тіркелген «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі құрылтайшы болып табылатын «Зерттеушi – Исследователь – The Researcher» ғылыми журналының 2019 жылғы №5(157) санының электрондық нұсқасы дайындалып, журналдың аталған нөмірі zertteushi.kz интернет-ресурсына орналастырылатынын хабарлаймыз.
29.04.2019
Еліміздің басты партиясы «Nur Otan» мен билік орындары Түркістан облысының орталығынан 500 шақырымдай түкпірде қалып қойған Мырзашөл өңірінде тұрып жатқан жарты миллион халықтың мұң-мұқтажына қашан көңіл бөледі?!
25.04.2019
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 158 қаулысымен Түркістан облысындағы Ордабасы аудандық білім бөлімінің «Мақташы» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Зиядин Исабековтің есімі берілді.