РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖДЕРІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕР ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЗУ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттері және мектеп оқушылары арасынан «Қазақстан тарихы» пәніне бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары және мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің ғылыми жұмыстары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «Қазақстан тарихы» пәні бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерін және мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің және мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, ғылыми желілік басылымдарда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Ғылыми жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыттары (біреуін таңдап алу қажет):

- Ежелгі Қазақстан: Тас және қола дәуіріндегі Қазақстан;

- Ежелгі Қазақстан: Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: Ерте және орта ғасырлардағы (VІ – ХІІІ ғғ.) Қазақстан;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: Ұлы Жібек жолы;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: Түрік кезеңіндегі (VІ – ХІІІ ғғ.) рухани және материалдық мәдениет;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: ХІІІ – ХV ғғ. І жартысындағы Қазақстан;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: Қазақ халқының қалыптасуы;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: ХІV – ХV ғғ. Қазақстан мәдениеті;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: Қазақ мемлекетінің құрылуы;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: ХVІ – ХVІІ ғғ. Қазақ хандығының нығаюы;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: ХVІІ ғ. Қазақ хандығы;

- Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстанның ХVІІІ ғ. әлеуметтік-экономикалық саяси дамуы;

- Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстандағы ХVІІІ – ХІХ ғ. ұлт-азаттық қозғалыстар;

- Жаңа заманғы Қазақстан: Ресейдің Қазақстан аумағындағы отаршылдық реформалары;

- Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы;

- Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстанның ХІХ ғ. әлеуметтік-экономикалық жағдайы;

- Жаңа замандағы Қазақстан: ХІХ ғ. – ХХ ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: ХХ ғ. басындағы Қазақстан;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Қазақстан 1917-1920 жж. саяси оқиғалар кезеңінде;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Қазақстан ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарында;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Қазақстан 1940 ж. ІІ жартысында – 60 жж. ортасында;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Қазақстан ХХ ғғ. 60 – 80 жылдарында;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: Тәуелсіз Қазақстан.

Ғылыми жұмыстар мазмұнының негізгі сипаттамасы (біреуін таңдап алу қажет):

- Ежелгі Қазақстан: жыл мен ғасыр арақатынасы, оқиғаның реті мен ұзақтығы, тарихтағы жыл санау; ежелгі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық қоғамның дамуының негізгі белгілері мен ерекшеліктері;

- Орта ғасырлардағы Қазақстан: орта ғасырлар тарихының хронологиясы, қазақ қоғамындағы адамның жағдайы; қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы; қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы монғол, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күресі;

- Жаңа замандағы Қазақстан: Қазақстан тарихы жаңа дәуір кезеңдерінің хронологиялық шегі; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмысы, даму ерекшеліктері;

- Қазіргі заманғы Қазақстан: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың себептері, көтерілістің негізгі ошақтары; Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы; тәуелсіз Қазақстан Республикасының жариялануының тарихи маңызы.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Ғылыми жұмыс жоғары оқу орны мен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орны мен колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз ғылыми жұмысында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілген «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға Дипломдар тапсырылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін ғылыми жұмыстар конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Ғылыми жұмыс жариялау үшін жарна».

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. ғылыми жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң Дипломдар авторларға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+77013971713, +77071105027, +77021059753.

Ескерту:

Құрметті «Мәңгілік Ел тарихы» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!


Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

15.03.2019
Оңтүстік өңірі жұртшылығының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған, Мырзашөлде жаңа облыс ашылып, бұрынғы Асықата ауданы қайта құрылуын өтінген хаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жолданды.
13.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
11.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық оқу мамандықтары мен пәндері бойынша Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.