«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» – ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫН РЕСМИ БИЛІК ОРЫНДАРЫНА ЖЕТКІЗІП ОТЫРАТЫН, ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

Еліміздің дарынды жастарын Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға шақырамыз!



Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2019 жылғы түлектерін «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобының «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға шақырады!

«Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасының ерекшеліктері қандай?

«Қоғамдық байланыс» – Еуразия жүрегі – Астана қаласы мен Қазақ елін саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы әртүрлі отандық және халықаралық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру арқылы әлемге танытатын, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік имиджін қалыптастыратын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің атқарып жатқан жұмыстарын жұртшылыққа дер кезінде хабарлап тұратын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – қоғамда орын алып жатқан өткір мәселелерге жедел түрде Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің назарын аударып, халықтың мұң-мұқтажын ресми билік орындарына жеткізіп отыратын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – еліміздің орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарында, ведомстволарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаларды және уәкілетті бөлімшелердің қызметкерлерін оқытатын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – Интернет, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары арқылы халық пен ресми билік орындарын, мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік емес ұйымдарды, банктер мен бизнес өкілдерін, кәсіпкерлік құрылымдарды бір-бірімен байланыстыратын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – ақпараттық-талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы заңдар мен ресми құжаттарды халыққа түсіндіріп, экономиканың әртүрлі салалары бойынша бағыт-бағдар беріп отыратын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – белгілі бір қызмет және тауар түрлерінің, идеялардың немесе жалпы ұйымдардың жағымды бейнесін жасап, қалыптастыруға және олардың абыройын жақсартуға бағытталған, мекеме, ұйым, кәсіпорынның сыртқы әлеммен өзара қатынасу үлгісін ұсынатын қызмет саласы.

«Қоғамдық байланыс» – әлемнің өркениетті, озық елдерінде бұрыннан қалыптасқан, ал біздің елімізде нарықтық экономика жағдайында 90-шы жылдардың басында дами бастаған, әлеуметтік ғылымдардың ізденімпаз жастарға сапалы білім беретін қызмет саласы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлектеріміз:

- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда);

- Мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімшелерде;

- Еліміздегі және шетелдердегі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда;

- Баспасөз қызметтерінде, Баспасөз басқармалары мен Баспасөз бөлімдерінде, PR қызметтерінде, PR басқармалары мен PR бөлімдерінде және PR агенттіктерінде;

- Еліміздегі және шетелдердегі саяси, маркетингтік, зерттеу және консалтинг құрылымдарында;

- Ақпараттық-коммуникациялық құрылымдар мен Жарнама агенттіктерінде;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет-ресурстарда (Интернет-сайттарда), телеарналарда, радиоарналарда, әлеуметтік желілердегі маркетинг жүйесінде;

- Өнер және шоу-бизнес салаларында қызмет атқарады.

Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша бітірген түлектеріміз мынадай қызмет түрлерін атқара алады:

- Жарнама және қоғаммен байланыс жөніндегі басшылар (басқарушылар);

- Жарнама, маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі кәсіби мамандар;

- Маркетинг және нарықты зерттеу жөніндегі кәсіби мамандар;

- Жарнама және өнімді жылжыту жөніндегі кәсіби мамандар;

- Қоғаммен байланыс жөніндегі кәсіби мамандар;

- Кәсіптік бағдарлау жөніндегі кәсіби мамандар;

- Журналистер;

- Жаңалықтар және мерзімді басылымдардың редакторлары;

- Мәтін құрастырушылар;

- Сценаристер;

- Конференцияларды, көрмелерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастырушылар;

- Жарнама агенттері;

- Қоғаммен байланыс жөніндегі ассистент, қызметші.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның ресми мәліметтеріне сүйенсек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасына қарасты «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасын бітірген түлектеріміздің 30%-ы оқу кезінде жұмыс істейді, 75%-ы жұмыспен қамтылған, орташа жалақы мөлшері – 165 мың теңгеден асып жығылады.

Еліміздегі барлық жоғары оқу орындары бойынша 2018 жылы жүргізілген арнайы рейтингтік сараптама бойынша «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» даярлау бағыты бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ең үздік білім беру бағдарламасы деп танылды.

Сондай-ақ 2018 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізген арнайы сараптау жұмыстарының қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасына қарасты «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасының рейтингтік сапалық деңгейі еліміздің жоғары оқу орындарының ішінде үздіктердің сапында екінші орынды иеленіп, қарашаңырағымыз – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен де жоғары екені дәлелденді!

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арнайы шақырған тәуелсіз сарапшылар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған:

- Университетіміздің «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасын бітірген түлектерімізді жұмысқа орналастыру бойынша түпкілікті нәтижелерімізді;

- «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша гранттар мен бюджеттік қаражатты ЖОО-ға тарту бойынша жұмыстарымызды;

- Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының бизнеспен байланысын нығайтуға бағытталған бастамаларымызды;

- «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша бітіріп шыққан түлектерімізге жұмыс берушінің қажеттілігіне сай келетін дағдыларды дарытудағы еңбектерімізді;

- «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасын оқып, бітірген түлектеріміздің жұмысқа орналасуы мен жалақысының деңгейін;

- Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасының беделін көтерудегі іс-шараларымызды жоғары бағалады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетіне қарасты «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының құрамына қарайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттерге ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары (PhD) мен доценттер (of Associate Professor), «Қоғамдық байланыс» (PR) саласының білікті мамандары мен аға оқытушылар сабақ береді.

2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасына оқуға түскісі келетін талапкерлер мына пәндерден Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынағын тапсырады:

- Міндетті пәндер (үшеу): Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқыту тілі);

- Бейіндік пәндер (екеу): бейінді пәндер жұптарының кез-келгенін таңдауға болады.

ҰБТ сынақтарын тапсыру мерзімі – 20 маусым – 5 шілде аралығы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсу үшін талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру талап етіледі.

Сол себепті ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының еліміздің кез-келген қаласында орналасқан бөлімдерінде тапсыруға болады.

Алайда екі шығармашылық емтиханды міндетті түрде Нұр-Сұлтан қаласына келіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясына құжат тапсыра отырып, біздің жоғары оқу орнымызда тапсыру қажет.

Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

Мектепті немесе колледжді бітіргені туралы құжаттары бар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобының «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетін талапкерлер міндетті пәндерге қоса мынадай екі шығармашылық емтихан тапсырады:

- Бірінші шығармашылық емтихан – шығарма;

- Екінші шығармашылық емтихан – кәсіби бейімділігін анықтау үшін ауызша әңгімелесу.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобының «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасына оқуға түскісі келетін талапкерлерден:

- Екі шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қабылдау комиссиясында 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады;

- «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша екі шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарында шығармашылық емтихан тапсырады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша бейіндік пәннен балдары ескеріледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобының «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір білім беру бағдарламасының тобы бойынша қатысады және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнын көрсетеді.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 10-20 шілде аралығында қабылданады.

Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 20 тамыздан кешіктірмей береді.

Студенттерді жоғары оқу орнына қабылдауды жоғары оқу орнының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

2019 жылдан бастап білім гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады. Білім беру бағдарламаларының тобына бірнеше білім беру бағдарламалары кіреді. Жоғары оқу орнына қабылдау кезінде оқуға түсушілер одан әрі оқу үшін нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Сол себепті республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты немесе нысаналы трансферттер шеңберінде республикалық бюджеттен түскен қаражат есебінен білім беру гранты иегерлері, сондай-ақ оқуға ақы төлеуі азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен жүзеге асырылған оқуға түсушілер «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобынан «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасын таңдай алады.

Біз еліміздің дарынды жастарын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобының «Қоғамдық байланыс» білім беру бағдарламасы бойынша оқуға шақырамыз!


Құрметпен,

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің және «Kásiptik baǵdar» медиабілім ғылыми орталығы» мекемесінің директоры.


Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
04.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
28.10.2019
Мырзашөл өңірінде балалар және білім беру саласындағы заң жобалары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік