2012 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАРАШАСЫ – БІЗДІҢ САЙТЫМЫЗДЫҢ ТУҒАН КҮНІ

2012 жылдың 15 қарашасынан бастап «Зерттеуші» РҒБО-ның http://zertteushi.kz/арнайы сайты жұмыс істей бастады. Сайт «Біз туралы», «Редакциялық алқа», «Журналдар», «Қажет хабарлар», «Конкурстар», «Сұрақ-жауап», «Есепшотымыз», «Байланыс» және «Жаңалықтар» атты бөлімдерден тұрады. Әр бөлімде оқырмандарымыз үшін маңызды ақпараттар орналастырылған.

Біз сайтымыздың жасалуына көмек берген «Webstyle» Интернет-компаниясына (www.webstyle.kz) алғыс айтамыз.

Жаңалықтар

16.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Бала құқықтары декларациясының қабылданғанына – 60 жыл, Бала құқықтары туралы Конвенцияның қабылданғанына – 30 жыл толуына орай еліміздің ең қиыр оңтүстігіндегі Мырзашөл өңірінің Асықата кентінде (Түркістан облысы) 2019 жылғы 25 қыркүйекте «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр
13.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары (балалар бақшалары), орта білім беру ұйымдары (мектептер), техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (колледждер) және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (университеттер) педагог қызметкерлері арасында мектеп оқушыларына арналған «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» оқу пәні бойынша білім беру бағдарламасын (одан әрі – Білім беру бағдарламасы) әзірлеу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.
11.09.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.