ДӘСТҮРЛІ ЖАЛҒАСТЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР

Жуырда Астана қаласында «Дәстүрлі жалғастық және инновациялық ізденістер» атты ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

Оның өтуіне Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы, «Зерде» тілдерді дамыту жөніндегі инновациялық орталығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасы ұйытқы болды.

Семинар жұмысына «Зерттеуші» РҒБО ғылыми журналдары бас редакторының орынбасары, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Ләззат Байқоңырқызы Байболат белсене қатысып, Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының арнайы Сертификатына ие болды.

Жаңалықтар

24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.
20.06.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты мемлекеттік мекемелерден бір қызметкер хабарласып, азаматтық қоғам өкілі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өтетін бір іс-шараға қатысып, өзіміздің ой-пікірімізді айтуымызды сұрады.