РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫ ЖАЛҒАСУДА

Республикалық«Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» және «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» ғылыми журналдары колледждер мен мектептердің барлық пәндердің оқытушылары мен мұғалімдері арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» конкурсына жұмыстар қабылдауды одан әрі жалғастыруда.
Конкурс 2012-2013 оқу жылы бойы жалғаса береді.

Республикалық «Зерттеуші – Исследователь» және «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы аты «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының шешімімен және Комитет бұйрығымен «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілген.
Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:
- Талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату;
- Қазақстан колледждері мен мектептері мұғалімдерінің ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы №16 бұйрығымен бекітілген «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесінің» талаптарына сәйкес біліктілік деңгейін жоғарылатуына көмектесу;
- Қазақстан колледждерінің оқытушылары мен мектептері мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ғылыми журналдарда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.
Конкурс туралы ережелер http://zertteushi.kzсайтымыздың «Конкурстар» атты бөлімінде жарияланған.
 

Жаңалықтар

20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.
18.12.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы 2018 жылғы 13 қарашадағы № 784 Жарлығын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.