ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛАЛАР ЖАРИЯЛАУДЫҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕСІ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті төрағасының 2012 жылғы 10 мамырдағы №591 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспаларға қойылатын талаптарға» сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарында мақалалар жариялаудың жаңа ережесі ұсынылып отыр.

1. «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ұсынылатын мақалалар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» ГОСТ 7.5-98-ге сәйкес рәсімделуі, сондай-ақ мыналар болуы қажет:
- ӘОЖ (мақалалардың Әмбебап ондық жіктеуіш индексі);
- авторлардың тегі, есімі және әкесінің есімі, мақалалардың тақырыбы;
- қазақ, орыс және орыс тілдеріндегі аннотация-резюме (4-6 қатар жол);
- кілт сөздер (4-5);
- «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003-ке сәйкес негізгі баспалы стандарттар бойынша рәсімделген мақалалардың библиографиялық тізімдері;
- авторлар туралы мәліметтер, оған мынадай деректерді енгізу қажет: жоғары оқу орнының (мекемеменің, ұйымның атауы), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, автор жұмыс істейтін ғылыми саласы, лауазымы, қызмет орны, пошталық мекен-жайы, телефондар нөмірлері, электрондық поштасы;
- мақаладардың егжей-тегжейлі редакциялануы және журналдардың редакциялық алқасының құрамына кірмейтін және ғылыми зерттеулері мақала тақырыбына жақын тәуелсіз мамандардан алынған сараптамалық қорытынды-рецензияның болуы.

2. Мақаланың көлемі мәтінді, суреттерді, кестелерді қосқанда 5-10 бет (Times New Roman қарпі – 14, жолдың қатары – 1, беттің жан-жағындағы шеттерінен қалдырылатын орын – 2,0 см). Редактор Word – версия Word-97-ден кем емес.

3. Бір мақаланың авторлар саны 4 адамнан аспауы қажет.

4. Барлық суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер, формулалардың компьютерлік техниканың көмегімен орындалуы және мақалада оларға сілтеме жасалуына қарай орналастырылуы ұсынылады.

5. Иллюстративті материалдарға қойылатын негізгі талаптар:
- суреттер, фотосуреттер Adobe Illustrator 7.0-10.0, Adobe Photoshop 6.0-8.0 бағдарламаларында дайындалған немесе өңделген болуы және жариялауға TIF, EPS, AI, JPG файлдары форматында (PC-пен) ұсынылуы қажет;
- фотосуреттер жоғары сапалы болуы және мақалада қажет жерінде электрондық нұсқада берілуі тиіс;
- барлық кестелер, сызбалар мен диаграммалар мақала мәтінімен үйлесіп тұруы және өзара байланысты, олар жасалған бағдарламаларда (Excel, Corel Draw 10.0-11.0) редакциялауға қолжетімді болуы қажет.

6. Барлық қысқартуларға толық түсініктеме берілуі керек.

7. Әдебиеттерді рәсімдеудің тәртібі:
- мәтін ішінде сілтеме жасалып отырған жұмыстың реттік нөмірі төртбұрышты жақшада [1] көрсетіледі;
- мақалалардың библиографиялық тізімдері «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003 негізгі баспа стандарттары бойынша рәсімделеді.

Жаңа ереженің толық мәтіні сайтымыздың «Қажет хабарлар» бөлімінде жарияланған.

Жаңалықтар

20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.
18.12.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы 2018 жылғы 13 қарашадағы № 784 Жарлығын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.