ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ КОМИТЕТКЕ ЖОЛДАНДЫ

Жақында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің http://www.educontrol.kzсайтында «Ғылыми басылымдардың редакторларына (Баспа алқасының жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар туралы)» атты ақпарат жарияланып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Н. Алдабек қол қойған, ғылыми басылымдардың редакторларына арналған аталған хатта: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті журналдар тізімі бойынша талдау жасау үшін төмендегі ақпаратты: Сіздердің баспа алқаларыңыздың жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар туралы; редакциялық алқаның жұмысы мен алқа мүшелерінің (шетелдіктердің) журналды жинақтау барысында қосқан үлестері туралы ақпарат жіберулеріңізді сұрайды», - деп жазылған болатын.
Осы хатқа орай, 2013 жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Karlygash.Sakenova@edu.qov.kz электрондық поштасына төмендегі ақпарат электрондық нұсқада жолданғанын хабарлаймыз.
 
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне
 
«Баспа алқасының жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар туралы»
2012 ж. 28.12. № 10-4/2170 хатқа орай
 
Ғылыми басылымдардың редакторларына арналған «Баспа алқасының жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар туралы» 2012 ж. 28.12. № 10-4/2170 хатқа орай мына төмендегі ақпараттарды ұсынамыз:
І. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы мынадай ғылыми журналдар шығарып келеді:
1. «Зерттеушi – Исследователь» ғылыми журналы – ғалымдар мен ізденушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне, PhD докторанттары мен магистранттарға арналған.
Журнал 2006 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді.
«Зерттеушi – Исследователь» журналы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2010 жылғы 24 ақпандағы №2 шешімімен және Комитеттің 09.03.2010 ж. №443 «Ғылыми басылымдар тізімі» туралы бұйрығымен «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілген.
Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.
2. «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналы – ғалымдар мен ізденушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне, PhD докторанттары мен магистранттарға арналған.
Журнал 2007 жылдың шілде айынан бастап жарық көріп келеді.
Журнал ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі №8 шешімімен және Комитеттің 08.10.2010 ж. №1479 «Ғылыми басылымдар тізімі» туралы бұйрығымен «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілген.
Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.
3. «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования» ғылыми журналы – ғалымдар мен ізденушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне, PhD докторанттары мен магистранттарға арналған.
Журнал 2009 жылдың мамыр айынан бастап жарық көріп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сай келеді.
Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.
4. «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» ғылыми журналы – ғалымдар мен ізденушілерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, мектептер мен колледждердің мұғалімдеріне, PhD докторанттары мен магистранттарға арналған.
Журнал 2010 жылдың сәуір айынан бастап жарық көріп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сай келеді.
Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.
5. «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналы – PhD докторанттары мен магистранттарға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, мектептер мен колледждердің оқушыларына арналған.
Журнал 2010 жылдың сәуір айынан бастап жарық көріп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің талаптарына сай келеді.
Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.
ІІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы шығарып келе жатқан жоғарыда аталған ғылыми журналдарымыздың баспа алқаларының жұмысын реттейтін нормативтік құжаттар:
- «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 ж. 23 шілдедегі № 451-1 Заңы (2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен);
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2011.24.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен);
- «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы № 407-IV Заңы;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 226 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізілген) «Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «31» наурыздағы №127 бұйрығымен бекітілге «Ғылыми дәрежелер беру ережесі»;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті төрағасының 2012 жылғы 10 мамырдағы №591 бұйрығымен бекітілген «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспаларға қойылатын талаптар»;
- «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» ГОСТ 7.5-98;
- «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003.
ІІІ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы шығарып келе жатқан жоғарыда аталған ғылыми журналдарымыздың баспа алқасының құрамы төмендегідей:
Абайдельдинов Ербол Мусинович – заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультеті халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі(Астана, Қазақстан Республикасы);
Абдуалиева Рахима– профессор, доктор, Айтматов Академиясының директоры (Лондон, Ұлыбритания);
Алибекова Балшекер Ашикбаевна– экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика факультетінің деканы (Астана, Қазақстан Республикасы);
АуанасоваАлима Мусировна – тарих ғылымдарының докторы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері (Астана, Қазақстан Республикасы);
Ахметшин Руслан Борисович– филология ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филология факультетінің доценті (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
Әленов Марат Амрадинұлы– заң ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті заң факультеті азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан Республикасы);
Барабаш Виктор Владимирович– филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университеті филология факультеті деканының оқу ісі, «Журналистика» және «Қоғамдық байланыс» мамандықтары бойынша орынбасары (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
Жанатаева Ұлболсын Камалбекқызы– саяси ғылымдардың докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы);
ҚамзабекұлыДихан – филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі проректоры (Астана, Қазақстан Республикасы);
Котлярова Тамара Григорьевна– филология ғылымдарының кандидаты, доцент, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
Malcolm A. Moore – медицина бойынша философия докторы (PhD), профессор, ракқа қарсы Халықаралық одағы Азиялық өңірлік офисінің басшысы, «AsianPacificJournalofCancerPrevention» бас редакторы, рактың алдын алу жөніндегі Азия-Тынық мұхиты ұйымының үйлестірушісі (Жапония);
Нұртазина Роза Әутәліпқызы– саяси ғылымдардың докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы);
Окай Айдемир– профессор, доктор, Стамбул университеті коммуникация (қоғамдық байланыс) факультетінің деканы (Стамбул, Түрік Республикасы);
Омашев Намазалы Омашұлы– филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының меңгерушісі (Астана, Қазақстан Республикасы);
Почта Юрий Михайлович– философия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университеті гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті салыстырмалы саясаттану кафедрасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
Рахмонов Насимхон Асқарович– филология ғылымдарының докторы, профессор, Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы (Ташкент, Өзбекстан Республикасы);
Сидорович Александр Владимирович– экономика ғылымдарының докторы, профессор, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалының директоры (Мәскеу, Ресей Федерациясы);
Халилов Абдыганы Дарманбекұлы– филология ғылымдарының кандидаты, Ж. Баласагын атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті журналистика факультетінің деканы (Бишкек, Қырғыз Республикасы);
Шарманов Төрегелді  Шарманұлы – медицина ғылымдарының докторы, профессор(Алматы, Қазақстан Республикасы);
Шыңдалиева Меңдікүл Бұрханқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы).
Редакциялық алқаның жұмысы мен алқа мүшелерінің (шетелдіктердің) журналды жинақтау барысында қосқан үлестері – редакциялық алқа мүшелері (оның ішінде шетелдіктер) мына ғылым салалары: Гуманитарлық ғылымдар (Тарих ғылымдары, Филология  ғылымдары, Саяси ғылымдары), Әлеуметтік ғылымдар және бизнес, қызмет көрсету (Әлеуметтік ғылымдар және қызмет көрсету, Экономика ғылымдары), Заң ғылымдары, Білім (Педагогика ғылымдары, Психология ғылымдары) және Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету ғылым салалары бойынша ұсынылған ғылыми мақалаларды қарап, сараптаудан өткізеді және ғылыми журналдарда жариялауға ұсынады.
Қосымша мынаны хабарлаймыз:
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы шығарып келе жатқан жоғарыда аталған ғылыми журналдарымыз «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын ғылыми баспаларға қойылатын талаптарға» сай келеді.
Қазіргі кезде жоғары аталған журналдарды «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне» енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне ұсыныс әзірленіп жатыр.
 
Біздің Интернеттегі сайтымыз: http://zertteushi.kz/.
 
Құрметпен, Бас редактор,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті,
филология ғылымдарының кандидаты
М.Қ. Жақып (Мырзантай Қожабайұлы)
 
Байланыс үшін ақпарат:
010000, Астана қаласы,
Отырар көшесі, 9 үй, 60 пәтер
 
Ұялы тел.: +7 701 397 17 13

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.