БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫҢ БАС РЕДАКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

2013 жылдың 5 ақпаны күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Әзтайұлы Ырсалиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми журналдарының бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыпты қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстанда ғылыми журналдар шығарудың өзекті мәселелері мен болашағы туралы әңгіме болды.

Сонымен бірге ғылыми журналдардың бас редакторы Мырзантай Жақып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Ырсалиевты «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның электрондық кітапханасына қосу және қорларды рәсімдеу үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен шығарылып келе жатқан «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования» ғылыми журналдарының электрондық нұсқалары тапсырылғаны, аталған ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» ГОСТ 7.5-98 сәйкес және «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003 сәйкес библиографиялық тізімдердің негізгі баспа стандарттары бойынша рәсімделгені туралы хабардар етті.

Бұған қоса «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының журналдары ұлттық және халықаралық ақпараттық ресурстарда таралады. Шетелдік авторлардың жарияланымдары жүйелі түрде жарияланып тұрады, яғни журналдар халықаралық бағытталған, сонымен қатар жарияланатын материалдардың тиісті салалар бойынша журналдардың редакциялық алқасы халықаралық құрамда құрылған. Журналдар уақытылы шығып тұрады: журналдардың тұрақты шығу уақыты сақталалады. Журналдардың шығу мерзімі жылына он екі рет, таралымы 500 данадан кем емес.

Ғылыми журналдардың жарық көру мерзімі – «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми басылымдарға енгізу туралы ұсыныс берген кезге дейін 3 жылдан кем емес. Жарияланатын мақалалар журналдардың редакциялық алқасының құрамына кірмейтін және ғылыми зерттеулері мақала тақырыбына жақын тәуелсіз мамандармен рецензияланады.

Ғылыми журналдардың ақпаратты ашық түрде жариялауға арналған Интернетте zertteushi.kz атты электрондық сайты бар. Ғылыми журналдарда мақалалар қазақ және орыс тілдерімен бірге ағылшын, түрік және т.б. шетел тілдерінде жарияланады.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Ырсалиев «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы ғылыми журналдарының 2012 жылғы 10 мамырдағы №591 бұйрықпен бекітілген «Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспаларға қойылатын талаптарға» сәйкес келетініне қанағаттанғандық сезімін білдірді.

Кездесу кезінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Марат Қадырұлы Сырлыбаев та бірге болды.

Жаңалықтар

10.10.2019
Алматы облысының ұстаздар қауымы балалардың 90%-ын қосымша біліммен қамтамасыз етіп, еліміз бойынша орташа көрсеткіштен те жоғары нәтижеге қол жеткізді
09.10.2019
Біз – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған 11 жылдан бері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара шығармашылық байланыста бірлесе жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз.
27.09.2019
2019 жылғы 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінде «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізілді.