БІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫМЫЗҒА ISSN ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫҚ СЕРИЯЛЫҚ НОМЕРЛЕРІ БЕРІЛДІ

Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан ISSN Халықаралық орталығы Библиографиялық ақпараттық мәліметтер бөлімінің өкілі Ирина Стрельникова-Naulin (Mrs) ханымнан «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ISSN Халықаралық стандарттық сериялық номерлері берілгені туралы ғылыми журналдардың бас редакторы Мырзантай Қожабайұлы Жақыпқа арнайы хабарлама келді.

Ирина Стрельникова-Naulin (Mrs) ханымның ақпараты бойынша «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдары ISSN Халықаралық орталығында мынадай тәртіппен тіркелген:

- «Зерттеуші – Исследователь» (Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher): ISSN 2307-0153;

- «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research): ISSN 2307-017X;

- «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования» (Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century): ISSN 2307-0188;

- «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» (Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital): ISSN 2307-020X;

- «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» (Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist): ISSN 2307-0250.

ISSN Халықаралық стандарттық сериялық номері (ағыл. International Standard Serial Number) – қайда, қай тілде және қандай тасымалдағышта басылып шыққанына қарамастан, кез-келген мерзімді басылымды теңестіруге мүмкіндік беретін ерекше номер.

Осынау стандарттық сериялық номер әлемнің түкпір-түкпірінде кеңінен қолданылады: ол кітапханашылар, жазылу ұйымдастыратын агенттіктер, ақпарат саласында жұмыс істейтін зерттеушілер мен ғалымдар, жаңалық агенттіктері және т.б. үшін аса қажет.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына тиісті штрихкодтар берді.

Жаңалықтар

20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.
18.12.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау туралы 2018 жылғы 13 қарашадағы № 784 Жарлығын және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде берілген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.
29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.