ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘЛЕМІ – МИР НАУЧНЫХ ИССЛЕДОВАНИЙ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ 2012 ЖЫЛҒЫ ҚАРАША-ЖЕЛТОҚСАН АЙЛАРЫНДАҒЫ НОМЕРЛЕРІНЕ МАҚАЛАЛАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Қазақстанның Халықаралық «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» ғылыми журналының 2012 жылғы қараша-желтоқсан айларындағы номерлері дайындалып жатыр.

Журнал 2007 жылдың шілде айынан бастап жарық көріп келеді.

«Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») журналы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Алқасының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі №8 шешімімен және Комитеттің 08.10.2010 ж. №1479 «Ғылыми басылымдар тізімі» туралы бұйрығымен «Диссертациялардың негізгі нәтижелерін жариялауға арналған ғылыми басылымдардың тізбесіне» енгізілген.

Ғылыми журналдың таралу аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер.

Журналда шетелдік және Қазақстан ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, PhD докторанттары, магистранттар және студенттер, мектептер мен колледждердің мұғалімдері ғылымның барлық бағыттары мен мамандықтары бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған өздерінің ғылыми мақалаларын жариялай алады.

1. «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарына ұсынылатын мақалалар «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Жарияланатын материалдарды баспалық рәсімдеу» ГОСТ 7.5-98-ге сәйкес рәсімделуі, сондай-ақ мыналар болуы қажет:

- ӘОЖ (мақалалардың Әмбебап ондық жіктеуіш индексі);

- авторлардың тегі, есімі және әкесінің есімі, мақалалардың тақырыбы;

- қазақ, орыс және орыс тілдеріндегі аннотация-резюме (4-6 қатар жол);

- кілт сөздер (4-5);

- «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003-ке сәйкес негізгі баспалы стандарттар бойынша рәсімделген мақалалардың библиографиялық тізімдері;

- авторлар туралы мәліметтер, оған мынадай деректерді енгізу қажет: жоғары оқу орнының (мекемеменің, ұйымның атауы), ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы, автор жұмыс істейтін ғылыми саласы, лауазымы, қызмет орны, пошталық мекен-жайы, телефондар нөмірлері, электрондық поштасы;

- мақаладардың егжей-тегжейлі редакциялануы және журналдардың редакциялық алқасының құрамына кірмейтін және ғылыми зерттеулері мақала тақырыбына жақын тәуелсіз мамандардан алынған сараптамалық қорытынды-рецензияның болуы.

2. Мақаланың көлемі мәтінді, суреттерді, кестелерді қосқанда 5-10 бет (Times New Roman қарпі – 14, жолдың қатары – 1, беттің жан-жағындағы шеттерінен қалдырылатын орын – 2,0 см). Редактор Word – версия Word-97-ден кем емес.

3. Бір мақаланың авторлар саны 4 адамнан аспауы қажет.

4. Барлық суреттер, карталар, фотосуреттер, кестелер, формулалардың компьютерлік техниканың көмегімен орындалуы және мақалада оларға сілтеме жасалуына қарай орналастырылуы ұсынылады.

5. Иллюстративті материалдарға қойылатын негізгі талаптар:

- суреттер, фотосуреттер Adobe Illustrator 7.0-10.0, Adobe Photoshop 6.0-8.0 бағдарламаларында дайындалған немесе өңделген болуы және жариялауға TIF, EPS, AI, JPG файлдары форматында (PC-пен) ұсынылуы қажет;

- фотосуреттер жоғары сапалы болуы және мақалада қажет жерінде электрондық нұсқада берілуі тиіс;

- барлық кестелер, сызбалар мен диаграммалар мақала мәтінімен үйлесіп тұруы және өзара байланысты, олар жасалған бағдарламаларда (Excel, Corel Draw 10.0-11.0) редакциялауға қолжетімді болуы қажет.

6. Барлық қысқартуларға толық түсініктеме берілуі керек.

7. Әдебиеттерді рәсімдеудің тәртібі:

- мәтін ішінде сілтеме жасалып отырған жұмыстың реттік нөмірі төртбұрышты жақшада [1] көрсетіледі;

- мақалалардың библиографиялық тізімдері «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипат. Құрастырудың жалпы талаптары және ережесі» ГОСТ 7.1-2003 негізгі баспа стандарттары бойынша рәсімделеді.

Ғылыми мақалалар жариялау үшін жарнаны мына есепшотқа аудару қажет:

KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеушi»,

РНН 582100292957, БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000,

БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, АО «Казкоммерцбанк»,

«Взнос за публикацию научной статьи в журнале».

RUB: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеушi»,

РНН 582100292957, БИН 081240014093, КОд 18, КБе 18, КНП 890,

номер счета KZ63 9261 5011 5395 6003, АО «Казкоммерцбанк», Алматы, Казахстан, корсчет 30111810400000000059 в ОАО Сбербанк России, Москва, Россия, БИК 044525225, корсчет 30101810400000000225, ИНН 7707083893,

«Взнос за публикацию научной статьи в журнале».

USD: Republican Scientific-Educational Center Zertteushi (Respublikanski nauchno-obrazovatelnyi centr Zertteushі), KZ20 9261 501153956001, RNN 582100292957,

Kazkommertsbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX,Bank of New York, New York, USA, IRVT US 3N, «The fee for the publication of scientific articles in the magazine».

EUR: Republican Scientific-Educational Center Zertteushi (Respublikanski nauchno-obrazovatelnyi centr Zertteushі), KZ90 9261 5011 5395 6002, RNN 582100292957,

Kazkommertsbank, Almaty, Kazakhstan, KZKOKZKX,Commerzbank AG, Frankfurt, Germany, COBA DE FF, «The fee for the publication of scientific articles in the magazine».

Ғылыми мақалалар мен жарна төленгені туралы түбіртектің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу керек. Мақала жарық көрген соң журнал нөмірі авторға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі».

E-mail: mzhakyp@mail.ru

Жаңа ереженің толық мәтіні сайтымыздың «Қажет хабарлар» бөлімінде жарияланған.

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.