БІЗДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫМЫЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ РЕСЕЙДІҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫНДА ТАРАТЫЛДЫ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдары туралы ақпарат Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Ресейлік жалпыбілім беру порталында – Ресей кинобілім беру және медиапедагогика қауымдастығының http://edu.of.ru/mediaeducation/ сайтында жарияланды.

Ресей кинобілім беру және медиапедагогика қауымдастығының http://edu.of.ru/mediaeducation/ сайтында мынадай мазмұндағы ақпарат жарық көрді:

28.03.2013

Журналы Казахстана приглашают авторов научных статей к публикации

Журналы Казахстана (Астана) приглашают авторов научных статей к публикации:

- «Зерттеуші– Исследователь» (Zertteušì – The Researcher): ISSN 2307-0153;

- «Ғылымизерттеулерәлемі– Мирнаучныхисследований» (Ġylymi zertteuler alemì – World of scientific research): ISSN 2307-017X;

- «Ғылымжәнебілімғасыры– Векнаукииобразования» (Ġylym žane bìlìm ġasyry – Science and education century): ISSN 2307-0188;

- «Елордағылымихабаршысы– Научныйвестникстолицы» (Elorda ġylymi habaršysy – Scientific messenger of the capital): ISSN 2307-020X;

- «Жасғалымдаржаршысы– Вестникмолодыхученых» (Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist): ISSN 2307-0250.

Адрес сайта в Интернете: zertteushi.kz.

Біздің ғылыми журналдарымыз туралы ақпарат, сонымен бірге, Ресей кинобілім беру және медиапедагогика қауымдастығының мүшелеріне де жолданды. Ақпараттың мекен-жайы: http://edu.of.ru/mediaeducation/news.asp?ob_no=127740.

Бұл жөнінде бізге А.П. Чехов атындағы Таганрог мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей кинобілім беру және медиапедагогика қауымдастығының президенті, «Медиаобразование» журналының бас редакторы, Ресей Федерациясы жанындағы Ресей экономикасын модернизациялау және технологиялық дамыту жөніндегі Комиссия жобалары бойынша РФ Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы, Еуропалық одақ (http://ec.europa.eu/) атқарушы өкіметінің жоғарғы органы қаржыландыратын Еуропалық медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының (http://www.emedus.org/) сарапшысы А.В. Федоров хабарлады.

Жаңалықтар

02.03.2020
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
28.02.2020
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.
20.12.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымының бастамасымен «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбында 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысы туралы бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.