КОЛЛЕДЖДЕР СТУДЕНТТЕРІ МЕН МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы және Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналыколледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасында барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас ғалым» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі.

Журналда жарияланған жұмыстарды ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарына ұсынуға болады.

Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.

«Білім туралы» ҚР Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді. Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

  • Колледж студенттері мен мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;
  • Колледж студенттері мен мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, журналда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

  • Көлемі 7 беттен аспайтын мақала мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;
  • Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;
  • Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын сыныбы, тобы, курсы, мамандығы, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушысының немесе мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа қатысушылардың барлығына және олардың жетекші-оқытушылары мен жетекші-мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады. Конкурсқа ұсынылған барлық жұмыстар Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналында жарияланады.

Конкурс туралы толық ақпарат «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Интернеттегі zertteushi.kz сайтында жарияланған.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

10.10.2019
Алматы облысының ұстаздар қауымы балалардың 90%-ын қосымша біліммен қамтамасыз етіп, еліміз бойынша орташа көрсеткіштен те жоғары нәтижеге қол жеткізді
09.10.2019
Біз – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған 11 жылдан бері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара шығармашылық байланыста бірлесе жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз.
27.09.2019
2019 жылғы 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінде «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізілді.