КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МЕКТЕПТЕРДІҢ ОҚУШЫЛАРЫН «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» ШЫҒАРМАЛАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы және Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетімен бірлесе отырып, Қазақстан колледждердің студенттері және мектептерінің оқушылары арасында барлық пәндер бойынша шығармалар конкурсын өткізеді. Шығармаларды кез-келген тақырыпта жазып, жолдауға болады.

«Білім туралы» ҚР Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, ҚР 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді. Жарнаның мөлшерін шығармалар конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Шығармалар конкурстарының мақсат-міндеттері:

  • Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан барлық пәндер бойынша дарынды жас өрендерді анықтап, барлық пәндер оқытушылары мен мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;
  • Талапты жас өрендердің шығармалары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың мазмұнына қойылатын талаптар:

  • Шығарма колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмыс болуы керек;
  • Колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз шығармасында өзі таңдаған тиісті пән бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын шығармалардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

  • Көлемі 5 беттен аспайтын мақала мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 кегльдегi Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;
  • Шығарманың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;
  • Шығарманың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі керек.

Конкурсқа қатысушылардың барлығына және олардың жетекші-оқытушылары мен жетекші-мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

Конкурсқа ұсынылған барлық шығармалар Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналында жарияланады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін мектеп бітірушілеріне Ұлттық біріңғай тестілеуден өткеннен кейін шығармашылық емтихандар тапсыру үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне арнайы жолдама беріледі.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Конкурс туралы толық ақпарат «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының Интернеттегі zertteushi.kz сайтында жарияланған.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.11.2019
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі коммерциялық емес ұйымы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданы әкімдігімен және Мақтаарал ауданының Білім бөлімімен бірге «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» тақырыбы бойынша 2019 жылы жүзеге асырылған жұмыстардың қорытындысына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.
27.11.2019
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («серпін») жобасымен білім алып жүрген студент-жастар арасында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік
07.11.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі еліміздің орта, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары (мектептер мен колледждер) оқушылары арасында «БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ» атты тақырыпқа эссе жазу конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды.