НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНЕН (NAZARBAYEV UNIVERSITY GRADUATE SCHOOL OF EDUCATION) «5В051400 – ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ПІКІР КЕЛІП ТҮСТІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақып жасап, ұсынған «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасының элективті пәндері туралы Назарбаев Университетінен (Nazarbayev University Graduate School of Education) пікір келіп түсті.

Назарбаев Университетінің (Nazarbayev University Graduate School of Education) коммуникация және маркетинг жөніндегі аға менеджері Т.М. Тампаева қол қойған «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасының элективті пәндеріне берілген сипаттамада мыналар атап көрсетілген:

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы ұсынған элективті пәндер, жалпы алғанда, қоғамдық байланыс саласында жоғары кәсіби білім беру мазмұнын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес келеді. Курстарда PR саласында енгізілген анағұрлым тиімді жаңалықтар мен нақты өзгерістер ескерілген, ал бұл, жеке алғанда, Еуразия ұлттық университетінде, тұтас алғанда, Қазақстанда білім беруді жақсартуға мүмкіндік береді.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасында көрсетілген элективті курстарды оқыту бітірушілердің қоғамдық байланыс саласындағы іс жүзіндегі табысты тәжірибелік қызметіне арналған кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға көмектеседі деп ойлаймыз.

Элективті пәндер бойынша білім беру ісінде жетістікке жету үшін штаттағы профессорлық-оқытушылар құрамымен бірге қоғамдық байланыс саласындағы іс жүзінде қызмет істейтін мамандарды да шақыру қажеттігін тілек ретінде атап өткіміз келеді».

Бұл – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақып ұсынған «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша модульдік білім беру бағдарламасының элективті курстары нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшелігі мен еңбек нарығының, жұмыс берушінің сұранысын, жоғары оқу орнындағы ғылыми мектептің қалыптасуын, сондай-ақ білім алушылардың жеке қызығушылықтарын ескере отырып жасалғанын білдіреді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары да дәл осындай болатын.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

19.04.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
17.04.2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 14-15 сәуір күндері Өзбекстан Республикасына барған алғашқы мемлекеттік сапарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұқият қарап, қадағалап отырдық.
12.04.2019
Бүгін, 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні «Әлеуметтік-гуманитарлық зиялы қауым өкілдері мемлекеттің қолдауына ие болып отыр ма?» деген сұрақ төңірегінде бір-екі ауыз сөз жазғымыз келеді.