ҚАЗАҚСТАННЫҢ VI АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРҒАН ХАТ КЕЛДІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың атына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы мен Үкіметі мүшелерінің қатысуымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырумен өткізілетін Қазақстанның VI Азаматтық форумының жұмысына қатысуға шақырған хат келді.

«Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ директоры И.З. Катеновқол қойған хатта былай делінген:

«Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі азаматтық қоғам құрылымдарын дамытуға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) ынтымақтастығын нығайту мәселелеріне әлеуметтік саланың: адам құқықтарын қорғау, тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарын қолдау, салауатты өмір салтын, гендерлік теңдікті қалыптастыру, шығармашылық бастамаларды дамыту секілді әртүрлі өзекті мәселелерін шешу үдерісінде ерекше назар аударылады.

Қазақстанда мемлекет пен ҮЕҰ өзара бірлескен іс-қимылдары ең басты жүйесі Азаматтық форум болып табылатын жалпыұлттық сұхбат шеңберіндегі тепе-теңдік әріптестік ұстанымдарына құрылған.

Қазақстанның Азаматық форумы екі жылда бір рет өткізіледі. Форум барысында үкіметтік емес сектор мен әлеуметтік саланы дамытудың стратегиялық мәселелері талқыға салынады.

2013 жылдың 14-15 қарашасында Астана қаласында Қазақстанның VI Азаматтық форумы болады. Қазақстанның VI Азаматтық форумын Қазақстан Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ өткізеді.

Қазақстанның VI Азаматтық форумының мақсаты үкіметтік емес секторды қоғамның әлеуметтік жаңғыру үдерістеріне тиімді түрде тартуға бағытталған нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, ұйымдастыру сипатындағы іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері бойынша жалпыұлттық сұхбатты одан әрі дамыту және азаматтық қоғам құрылымдарының халықаралық ынтымақтастығын қалыптастыру болып табылады.

Қазақстанның VI Азаматтық форумының негізгі оқиғалары:

  • Форумға қатысушылардың Мемлекеттік хатшы мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен жалпы жиналысы;
  • ҮЕҰ орта мерзімді кезеңге арналған басым бағыттарын жасау мақсатындағы Форум делегаттарының қатысуымен сұхбат алаңдары;
  • Қазақстан ҮЕҰ қызметінің бағыттары мен жетістіктері туралы көрме;
  • «Таным» сыйлығын тапсыру рәсімі.

Сізді Қазақстанның VI Азаматтық форумының жұмысына қатысуға шақырамыз».

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

19.04.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
17.04.2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 14-15 сәуір күндері Өзбекстан Республикасына барған алғашқы мемлекеттік сапарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұқият қарап, қадағалап отырдық.
12.04.2019
Бүгін, 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні «Әлеуметтік-гуманитарлық зиялы қауым өкілдері мемлекеттің қолдауына ие болып отыр ма?» деген сұрақ төңірегінде бір-екі ауыз сөз жазғымыз келеді.