«АЛМАТЫ» ТЕЛЕАРНАСЫ МЕН «ZAKON.KZ» ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚҰРМЕТТЕП ОТЫР МА?

Мемлекеттік тіл туралы заңнама талаптарын орындамайтын аталған бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласының әкімдігі не айтар екен?

Несін жасырамыз, біз «Алматы» телеарнасы мен «Zakon.kz» Интернет-ресурсының тұрақты түрдегі көрермені немесе оқырманы емеспіз. Алайда, осы жақында белгілі бір себептермен жоғарыдағы бұқаралық ақпарат құралдарының ғаламтор жүйесіндегі сайттарында қазақ тілінде жарияланған ақпараттармен амалсыз танысуға тура келді.

Алдымен көзімізге түскені – «Алматы» телеарнасының http://www.almaty.tv/kz/атты сайты болды.

 

Аталмыш Интернет-ресурсының маңдайшасына «Алматы телеканал» деп жазылыпты, яғни «ы» жалғауы «жұтылып» кетіпті:

                                                

Біздіңше, телеарна қазақ тілінде «Алматы телеканал» емес, «Алматы телеканалы», ең дұрысы «Алматы телеарнасы» деп аталуы тиіс.

Интернет-ресурстың қазақ тіліндегі негізгі бетінде және төменгі бөлігінде «Эфир уақыты», «Жаңа кино», «Бағдарлама», «Ең әйгілісі», «Прайс-лист», «Мемлекеттік сатып алулар», «Фотогалерея», «Кері байланыс» атты 8 бөлім беріліпті. Осы бөлімдердің 5-шісі «Прайс-лист», ал 7-шісі «Фотогалерея» деп аталған екен. Алайда, қазақ тілінде «Прайс-лист» және «Фотогалерея» деген сөздер жоқ.

Ары қарай кеттік. Интернет-ресурстың қазақ тіліндегі нұсқасының бастапқы бетінде берілген «Видео» атты бөлімде де қате бар. «Видео» сөзі қазақ тіліне тән емес. Сондай-ақ сайттың қазақша бөлімінің «Прайс-лист» және «Мемлекеттік сатып алулар» атты түймелерін бассаңыз, орыс тілінде толтырылған құжаттардың жобалары шыға келеді.

Интернет-ресурс бетінің ең төменгі жағында: «Жаңалықтарға жазылу», «Ваш e-mail», «Подписаться» атты бөлімдер бар. Осындағы «Ваш e-mail», «Подписаться» сөздерін де Интернет-ресурс құрылтайшылары қазақ тілінде жазылған деп ойласа керек.

Сонымен бірге Интернет-ресурстың қазақ тіліндегі бетінде мынадай жарнамалық суреттер орналастырылыпты:

                    

                                                     

  

Жоғарыдағы жарнамалардың мәтіндері де қазақ тілінде дей алмаймыз.

Айтпақшы, осыдан бір жарым жыл бұрын, 2012 жылғы 1 қазаннан бастап «Алматы» телеарнасы журналистерінің қазақ бөлімінен тұтастай, жаңалықтар қызметі орыс редакциясынан бір бөлігі қызметтен кеткені жөнінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мырзаға, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министріне және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына арнайы ашық хат жарияланып, бірқатар Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қызу пікірталастың өзегіне айналған болатын (http://qamshy.kz/?p=1959).

Келесі кезекте көзімізге түскені – «Zakon.kz» ақпараттық порталы болды. Бұл Интернет-ресурс «Новости», «Право», «Бухгалтеру», «Аналитика», «Авто», «Переводчик», «Музыка», «Афиша», «Форум» және «Сервисы», т.б. бөлімдерінен тұрады екен.

Біздің назарымызды айрықша аударғаны – бұл сайттың «Переводчик» деген бөлімі болды. Онда оқырмандар үшін мынадай аңдатпа беріліпті:

«ОНЛАЙН ПЕРЕВОДЧИК

Предлагаем вам воспользоваться бесплатным онлайн переводчиком на информационном портале Zakon.kz. Вы можете загрузить наиболее популярные настройки переводчика (осы жерде өзгелерді «орысша қате жазады» деп сынап-мінеуге құштар сайт редакторларының өздері орыс тіліндегі мәтінде тыныс белгісінен қате жіберіп, үтір қоюды ұмытып кеткендері қызық болған екен) кликнув по корешку необходимой для вас книги. Вы также можете вручнуюсконфигурироватьпереводчик(үтір қою тағы да ұмыт қалған) воспользовавшисьнастройками, расположенными под полем исходного текста».

«Онлайн переводчиктің» бастапқы бетінің бөлімдері мынадай ретпен орналасқан: «Англо-Русский», «Русско-Казахский», «Казахско-Русский», «Русско-Турецкий» және «Немецко-Русский». Сайтта Қазақстанның мемлекеттік тілінен ресми орыс тіліне аударма жасау қызметі реті бойынша ең алдымен, бірінші орынға қойылмай, орта тұсына – үшінші орынға қойылғаны және сайтта басқаларға қарағанда «KZ-RU сөздік кітапшасының» суреті де көлемі кішкентай етіп салынғаны әжептәуір көңілімізге келіп қалғаны рас.

Дегенмен сезімге онша бой алдыра қоймай, осынау «Онлайн аудармашының» қызметіне жүгініп, «Zakon.kz» Интернет-ресурсының білім және ғылым саласына қатысты бірнеше сөз тіркестерін қазақшадан – орысшаға және орысшадан – қазақшаға аударып берген нұсқаларын жазып алып, оқырмандарымыздың талқысына салып отырмыз.

«Zakon.kz» Интернет-ресурсының қазақшадан орысшаға аударатын «Онлайн аудармашысының» электрондық мекен-жайы: http://www.zakon.kz/perevodchik_s_kazahskogo_na_russkiy.html

 

Қазақ тілінен орыс тіліне аударуға біз ұсынған сөз тіркестері

Біз ұсынған сөз тіркестерін «Zakon.kz» Интернет-ресурсының қазақ тілінен орыс тіліне аударып берген нұсқалары

Сөз тіркестерінің қазақ тілінен орыс тіліне дұрыс аударылған нұсқалары

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы

Центр «Исследователь» дачи Республиканского ғылыми-білім

Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

до школы воспитание я обучать

дошкольноевоспитаниеи обучение

негізгі орта білім беру

основное среднее образование давать

основноесреднееобразование

жалпы орта білім беру

общее среднее образование давать

общеесреднееобразование

техникалық және кәсіптік білім беру

технический и профессиональное образование давать

техническоеи профессиональноеобразование

орта білімнен кейінгі білім беру

следующее за образование среднее образование

послесреднееобразование

жоғары білім беру

высшее образование давать

высшееобразование

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

следующее за образование из высшего учебного заведения

послевузовское образование

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру

знание покупатели воспитанникам дополнительное образование

дополнительноеобразованиеобучающихся и воспитанников

мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру

специалистов заново готовить и квалификации увеличивать

переподготовкаи повышениеквалификации специалистов

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған заңды тұлға

юридическое лицо, которое было направленным учеба, которая образует, осуществлять программы

юридическое лицо, деятельность которого направлена на осуществление образовательных учебных программ

коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы

не коммерчески научно-исследовательский, ғылыми-білім давать, оқыту-кеңес давать, закон и правовой совет давать, редакциялық-баспа организация

некоммерческая научно-исследовательская, научно-образовательная, учебно-консультационная, юридическаяи правовой консультационная, редакционно-издательскаяорганизация

ғылыми-білім беру қызметі

деятельность дачи ғылыми-білім

научно-образовательная деятельность

оқыту-кеңес беру қызметі

деятельность дачи оқыту-кеңес

учебно-консультационная деятельность

заңдық және құқықтық кеңес беру қызметі

закон и деятельность совет дачи правового

юридическая и правовой консультационная деятельность

редакциялық-баспа қызметі

редакциялық-баспа деятельность

редакционно-издательская деятельность

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Республика Казахстан министерство Билима и науки

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Комитет того, что контрольный в отрасли Билима и науки

Комитет по контролю в сфере образования и науки

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Л.Н. Гумилев имя национальный университет Евразии

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Журналистика және саясаттану факультеті

Журналистика и факультет саясаттану

Факультет журналистики и политологии

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы

Кафедрой связи телерадио и моей рогозой

Кафедра телерадио и связи с общественностью

«Zakon.kz» Интернет-ресурсының қазақшаға орысшадан аударатын «Онлайн аудармашысының» электрондық мекен-жайы: http://www.zakon.kz/perevodchik_s_russkogo_na_kazahskii.html

Қазақ тіліне орыс тілінен аударуға біз ұсынған сөз тіркестері

Біз ұсынған сөз тіркестерін «Zakon.kz» Интернет-ресурсының қазақ тіліне орыс тілінен аударып берген нұсқалары

Сөз тіркестерінің қазақ тіліне орыс тілінен дұрыс аударылған нұсқалары

Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші»

Республикалық научно-образовательный «Зерттеуші» деген орталық

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы

дошкольноевоспитаниеи обучение

дошкольное тәрбие және тәлім-тәрбие

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

общеесреднееобразование

ортақ орта білім

жалпы орта білім беру

послесреднееобразование

послесреднее білім

орта білімнен кейінгі білім беру

послевузовское образование

послевузовское білім

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

дополнительноеобразованиеобучающихся и воспитанников

үйрен- қосымша білімін және тәрбиеленушілерді

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру

переподготовкаи повышениеквалификации специалистов

переподготовка және маманның біліктілігінің көтермелеуі

мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру

юридическое лицо, деятельность которого направлена на осуществление образовательных учебных программ

қызметінің заңды тұлға образовательных оқу бағдарламаның жаса- деген оқтаулы

білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған заңды тұлға

некоммерческая научно-исследовательская, научно-образовательная, учебно-консультационная, юридическаяи правовой консультационная, редакционно-издательскаяорганизация

емескоммерциялық ғылыми-зерттеу, научно-образовательная, оқу-консультациялық, заңды және құқықтық консультациялық, редакционно-издательская ұйым

коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы

научно-образовательная деятельность

научно-образовательная қызмет

ғылыми-білім беру қызметі

учебно-консультационная деятельность

оқу-консультациялық қызмет

оқыту-кеңес беру қызметі

юридическая и правовой консультационная деятельность

заңды және құқықтық консультациялық қызмет

заңдық және құқықтық кеңес беру қызметі

редакционно-издательская деятельность

редакционно-издательская қызмет

редакциялық-баспа қызметі

Министерство образования и науки Республики Казахстан

Білімнің және Қазақстан республикасының ғылымының министрлігі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Комитет по контролю в сфере образования и науки

Комитет ша тексеріске ара шеңбер білімнің және ғылымның

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева

Аттың Л.Н еуразияшылық ұлттық университеті. Гумилевтың

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Факультет журналистики и политологии

Журналистиканың және политологияның факультеті

Журналистика және саясаттану факультеті

Кафедра телерадио и связи с общественностью

Телерадионың және байланыстың кафедрасы жұртпен

Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы

Кестеде келтірілген мысалдарды бір-бірімен салыстыра сарапқа салып, «Zakon.kz» Интернет-ресурсындағы «Онлайн аудармашының» күнделікті өміріміз бен қызметімізде қазақ және орыс тілдерін кеңінен қолдануға қаншалықты дәрежеде сауатты «үлес қосып» жатқаны жайында қорытынды жасауды оқырмандарымыздың еншісіне қалдыра отырып, мына жайттарды айтпауға амалымыз жоқ.

Кейінгі кезде «Алматы» телеарнасының http://www.almaty.tvатты сайты мен «Zakon.kz» Интернет-ресурсы сияқты базбір бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, ғаламтор жүйесіндегі әлеуметтік желілердің әлдебір қолданушылары білім беру саласында қызмет істеп жүрген жоғары білікті мамандар жүзеге асырып жатқан оңды өзгерістер мен жақсы жұмыстарды көздеріне де ілгілері келмей, «қазақтілді қызметкерлер орысша қате жазады, білім беру саласын құлдыратып отырғандар – осылар» деген секілді қоғамдық пікір тудырып, тырнақ астынан кір іздеп, түймедей нәрсені түйедей етіп көрсетіп, жұртшылықты дүрліктіріп жүргені белгілі.

Мәселенің байыбына бармай тұрып, ақиқаттың анық-қанығын анықтап алмай жатып, «айғайға аттан қосқан» мемлекеттік білім беру мекемелерінің кейбір «шенеуніктерінің» арасында да бюрократтыққа басып, қаламдарын «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деп қисық-қыңыр сілтеген жоғарыдағыдай журналистердің жүйесіз сөздеріне еріп, қарамағындағы қызметкерлерін кінәсізден кінәсіз жазалағысы, тіпті «Сібірге айдатып, қаңғытып» жібергісі келіп, алақандарын ысқылап, білектерін сыбанып отырғандар да жоқ емес.

«Жүйелі сөз жүйесін табадыжүйесіз сөз иесін табады», - деген екен ата-бабаларымыз. Олай болса, ұсақ-түйекті тірнектеп теру арқылы ұпай жинағысы келіп жүрген «Алматы» телеарнасының http://www.almaty.tvатты сайты мен «Zakon.kz» Интернет-ресурсы құрылтайшыларына еліміздің мемлекеттік тілінде – қазақ тілінде жазылып, жарияланған ақпараттарында, сондай-ақ сөздер мен сөз тіркестерін қазақшадан – орысшаға және орысшадан – қазақшаға аудару ісінде жіберілген қателіктерінің кейбіреулерін ғана атап көрсеткенді жөн көрдік.

Құлап жатып, сүрінгенге күлудің орнына, өздері өрескел түрде бұзып отырған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi №451 Заңы, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңы, «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi №151 Заңы және басқа да заңнамалардың мемлекеттік тілге қатысты талаптарын орындауға күш салғандары жөн екенін кейбір әріптестеріміздің естеріне салғымыз келеді.

 

Ескерту:

Бұл мақалада айтылған пікірлер мен тұжырымдарға, келтірілген мәліметтерге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ешқандай да қатысы жоқ екенін, бұл автордың жеке көзқарасы екенін ескертеміз.

 

Мырзантай ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, zertteushi.kz Интернет-ресурсының құрылтайшысы.

 

27.01.2014 ж.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

24.04.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығыеліміздің бастауыш, негізгі орта және жалпы ортабілім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» аттыРеспубликалықконкурсын жариялайды.Конкурсқа мектеп мұғалімдерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады.Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі.Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
19.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.