АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!» АТТЫ САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕ БОЛЫП ӨТТІ.

Кеше, 2014 жылдың 25 мамыры күні Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейінде өткізілген «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекеге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасыныңдоценті (of Associate Professor), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, ғылыми журналдардың бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы Жақып қатысып, мектеп бітірушілерді осынау қуанышты күнмен шын жүректен құттықтады және ұстаздар қауымына ата-аналар атынан шексіз ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Филология ғылымдарының кандидаты (PhD), доцент (of Associate Professor) Мырзантай Қожабайұлы Жақып мектеп бітірушілері мен ата-аналарға арналған өз сөзінде былай деді:

- Аса құрметті №54 мектеп-лицейінің 97 түлегі! Міне, бүгін Сіздер алтын ұя – мектептеріңізді бітіріп, үлкен өмірге түлеп ұшқалы тұрсыздар. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев аталарыңыз айтқандай, білім ұясына «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығайын» деп отырсыздар.

Сіздердің алдарыңызда тағы бір үлкен белес күтіп тұр. Ол – ҰБТ сынағы. «Баласы бәйгеге шапса, ата-анасы үйде отырып, тақымын қысады», - дейді халқымыз. Сондықтан да бүгін болып жатқан мектеп бітіру кеші – үлкен мереке күні әрбір ата-ананың, әрбір ұстаздың көңілінде шаттықпен бірге үлкен қобалжу да бар. Өйткені біз барлығымыз Сіздер үлкен сынақтардан сүрінбей өтсе екен деп тілейміз!

Сіздермен бірге біздің сүт кенжеміз Қожабай Әйгерім Мырзантайқызы да мектепті үздік бітірейін деп отыр. Мен өзімнің сүйікті қызыма қандай игі тілектер тілесем, Сіздерге де барлық жақсылықты тілеймін!

Құрметті түлектер!

Енді Сіздер үлкен азамат болдыңыздар.

Мен сенемін жастарға!

Алаш атын аспанға,

Шығарар олар бір таңда!

Мен жастарға сенемін! – деп Мағжан Жұмабаев аталарыңыз айтқандай, біз Сіздерге үлкен сенім артамыз! Қанаттарыңыз талмасын! Жолдарыңыз әрқашан да ашық болсын!

Аса қадірді ұстаздар!

Кезінде ақын Ғафу Қайырбеков:

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп жазғанындай, Сіздер барлық сый-құрметке лайықтысыздар! Сіздердің әрқайсыларыңызға жеке-жеке ескерткіш тұрғызып қойсақ та артықтық етпес еді!

Сіздерге – ұлағатты ұстаздар қауымына, мектеп басшылығына біздің балаларымызды он бір жыл оқытып, сапалы білім, саналы тәрбие бергендеріңіз үшін мың да бір алғыс айтамыз!

Бүгін мектеп бітіріп отырған түлектеріңіздің барлығы да ҰБТ-дан өте жоғары нәтиже көрсетіп, мемлекеттік білім гранттарының иегерлері атануына тілектеспіз!

 

Құрметпен,

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасыныңдоценті (of Associate Professor), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, ғылыми журналдардың бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты (PhD).

 

26.05.2014 ж.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

10.10.2019
Алматы облысының ұстаздар қауымы балалардың 90%-ын қосымша біліммен қамтамасыз етіп, еліміз бойынша орташа көрсеткіштен те жоғары нәтижеге қол жеткізді
09.10.2019
Біз – Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған 11 жылдан бері Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданындағы «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатып, өзара шығармашылық байланыста бірлесе жемісті жұмыс істеп келе жатырмыз.
27.09.2019
2019 жылғы 25 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кентінде «Қазақстандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу мәселелері» атты Республикалық конференция өткізілді.