"Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік жұмысы"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

Талантты педагог қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату;

- Қазақстан колледждері оқытушылары мен мектептері мұғалімдерінің, балалар бақшалары тәрбиешілерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес біліктілік деңгейін жоғарылатуына көмектесу;

- Қазақстан колледждерінің оқытушылары мен мектептері мұғалімдерінің, балалар бақшалары тәрбиешілерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ғылыми журналдарда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Жұмыс педагог қызметкердің өзі жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Педагог қызметкер өз жұмысында сабақ беретін пәні бойынша жұмыс тәжірибесі мен терең дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің, мектептің немесе балалар бақшасының орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілген «maqtaaral-bilim.kz» балаларға арналған ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға Дипломдар тапсырылады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Ғылыми жұмыс жариялау үшін жарна».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

E-mail: info@zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң Дипломдар авторларға «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хабарласу үшін:

+77013971713, +77071105027, +77021059753.

Ескерту:

Құрметті «Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік жұмысы» конкурсына қатысушы ұстаздар, тәрбиешілер, педагог қызметкерлер!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; шын мәнінде өздеріңіз жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарыңызды жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторларының фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!


Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.