ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ БІЛІКТІЛІККЕ ТЕСТІЛЕУ ҚАЛАЙ ЖҮРГІЗІЛЕДІ?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу) – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тестілер бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер екі кезеңде аттестаттаудан өтеді:

1) бірінші кезең – біліктілік тестілеу;

2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын талдамалық жинақтау.

Тестілеу сұрақтарының саны 60-ты құрайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу – 20 сұрақ;

2) педагогика және психология негіздері – 20 сұрақ;

3) пәндік білім негіздері – 20 сұрақ.

Тестілеудің жалпы уақыты 150 минутты құрайтын математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерді қоспағанда, жалпы тестілеу уақыты 120 минутты құрайды.

Тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптар негізгі пән бойынша кемінде 70%, педагогика және психология негіздері бойынша – 50%, Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша – 50% болса, оң деп есептеледі.

Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

2) жүктілік және бала туу және бала күту демалысында болу;

3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.

Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді.

Тестілеуден өткізу күні тестілеу рәсімін өткізуге 2 апта қалғанда педагог қызметкерге хабарланады.

Тестілеу 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

Өндірістен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына педагогикалық жұмысқа ауысқан тұлғалар біліктілік тестілеуінен босатылады.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.