Біз туралы » Редакциялық алқа Аттестаттау » Магистранттар үшін » «ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІНДЕ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ

Бүгін, 2014 жылдың 17 қазаны күні «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, PhD докторы, филология ғылымдарының кандидаты, of Associate Professor Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және Қазақстан Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткізілетін «Үкіметтік емес ұйымдар қызметін ұйымдастырудағы халықаралық ынтымақтастық негізінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен өзара тәжірибе алмасу» атты Халықаралық конференцияға қатысады.

Аталған Халықаралық конференцияның мақсаты – әлеуметтік саладағы қазіргі заманғы білім-танымдар мен дағдыларды зерттеп, білу арқылы ТМД елдеріндегі азаматтық қоғам ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру, үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамыту, осы саладағы жинақталған үздік іс тәжірибелерімен таныстыру және өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру.

Басқосу мынадай үш секция бойынша жұмыс істейді деп жоспарланған:

1) Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нормативтік-құқықтық реттеу;

2) Қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;

3) Әлеуметтік кәсіпкерлік.

Конференцияға Қазақстан және ТМД елдері үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар қызметінің мәселелеріне жауап беретін Үкімет өкілдері, журналистер, ғалымдар мен сарапшылар келеді деп күтіліп отыр.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

24.08.2019
2019 жылғы 21 тамыз күні Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар құқығы» жазғы мектебі өз жұмысын қорытындылады.
24.08.2019
2019 жылғы 20 тамыз күні еліміздің қиыр оңтүстігінің ең түкпіріндегі Мырзашөл өңірінде орналасқан Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Білім бөліміне қарасты «Нұртас Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагогикалық ұжымымен бірлескен іс-шара өткіздік.
15.08.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2019 жылғы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты аясында Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде, яғни Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарында балалар және жасөспірімдермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру кезінде мұражайлардың, кітапханалардың және мәдени-демалыс үлгісіндегі мекемелердің ақпараттық-танымдық, шығармашылық және оқыту қызметін дамыту мақсатында олардың Қазақстан халқының тарихымен, дәстүрлерімен және рухани қазыналарымен танысуына мүмкіндік жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі.