"География - менің таңдауым"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «География» пәні бойынша Республикалық «ГЕОГРАФИЯ – МЕНІҢ ТАҢДАУЫМ»атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын ұйымдастырылады. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Колледж студенттері мен мектеп оқушылары арасынан «География» пәні мамандықтарына бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің ғылыми жұмыстары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «География» пәні мамандықтарын таңдаған колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін және мектеп оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің және мектептер оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, журналдарда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Ғылыми жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыттары:

- Физикалық географияның бастапқы курсы;

- Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы;

- Қазақстан Республикасының физикалық географиясы;

- Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы;

- Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы.

Ғылыми жұмыстар мазмұнының негізгі сипаттамасы:

- Қоршаған орта туралы білім;

- Әлемнің жалпы географиялық-экономикалық сипаттамасы;

- Жер бетіндегі адамзат және табиғат туралы мәлімет;

- Географияның ғылым ретінде дамуы;

- Қазақстан – әлемдік нарықта;

- Адамзаттың ғаламдық проблемалары;

- Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Ғылыми жұмыс жоғары оқу орындары, колледждер студенттерінің немесе мектептер оқушыларының өзі жазған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Жоғары оқу орындары, колледждер студенттері немесе мектеп оқушылары өз ғылыми жұмыстарында «География» пәні бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға және олардың жетекші оқытушылары мен мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

«География» пәнін таңдаған және «География» пәні мамандықтары бойынша жоғары оқу орындарына түскісі келетін колледждердің және мектептердің бітірушілеріне Ұлттық бірыңғай тестілеуден және Кешенді тестілеуден өткеннен кейін «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы тарапынан арнайы оқу-кеңестері беріледі.

Ғылыми жұмыстар жарық көрген соң журнал және тиісті Грамоталар автордың мекен-жайына «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі  63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес шығармалар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

Жақып Мырзантай Қожабайұлы, ЖСН/ИИН 650515303049, ағымдағы есепшот/текущий счет KZ7292615015Н9120005, БИК KZKOKZKX, АО «Казкоммерцбанк», КОд 19, КБе 19, КНП 861, «Білім беру қызметі/Образовательные услуги».

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «География – менің таңдауым» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.