ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ

Ғылыми журналдардың редакциялық алқасы

Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы – педагогика ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану-педагогикалық факультеті «Кәсіби оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасының профессоры (Шымкент, Қазақстан Республикасы)

Манов Борис Филипов – философия докторы, Н. Рильский атындағы Оңтүстік-батыс университеті Философия факультеті Философиялық және саяси пәндер кафедрасының доценті (Благоевград, Болгария Республикасы)

Нұртазина Роза Әутәліпқызы– саяси ғылымдардың докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры (Астана, Қазақстан Республикасы)

Сандыбаев Жалғас Садуахасович –философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі Әлеуметтік саясат кафедрасының доценті, Астана қаласының Дін істері департаментінің сарапшысы (Астана, Қазақстан Республикасы)

Федоров Александр Викторович– педагогика ғылымдарының докторы, профессор, А.П. Чехов атындағы Таганрог мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, Ресей кинобілім беру және медиапедагогика Қауымдастығының президенті, «Медиаобразование» журналының бас редакторы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей экономикасын модернизациялау және технологиялық дамыту жөніндегі Комиссия жобалары бойынша РФ Үкіметі жанындағы Талдау орталығының сарапшысы, Еуропалық одақ атқарушы өкіметінің жоғарғы органы қаржыландыратын Еуропалық медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының (http://ec.europa.eu/) сарапшысы (Таганрог, Ресей Федерациясы)

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.