ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Кеше, 2015 жылдың 18 ақпаны күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының мәжілісінде аталған кафедраның доценті (of Associate Professor),филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП өзінің 2014 жылы жүзеге асырылған ғылыми жұмыстары жөніндегі жылдық есебін жариялады. Осы жылдық ғылыми жұмыстар есебін оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.

- 2014 жылы мынадай салалар бойынша ғылыми жұмыстар жүргіздім:

1) «Қоғамдық байланыс» саласының ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәселелерін зерттеу;

2) «Қоғамдық байланыс» және «Журналистика» мамандықтары бойынша білім берудің әдістемелік-тәжірибелік мәселелерін зерттеу;

3) Журналистика тарихының теориялық мәселелерін зерттеу.

Осы салалар бойынша ғылыми журналдар мен жинақтарда мынадай мақалалар жарияладым:

1. Жақып М.Қ.Елбасы идеяларының журналистика тарихын зерттеу мен оқытуды жаңғыртудағы ерекше маңызы // Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher. – ISSN 2307-0153. – №№1-3(93-95). – Қаңтар-наурыз, январь-март, January-March. – Астана, 2014. – №№1-3(93-95). – 7-12 бб.

2. Жақып М.Қ.«Түркістан жинағындағы» патшалық Ресей мерзімді баспасөзі – қазақ даласын жаулап алу саясатының насихатшысы ретінде // Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century. – №№4-6(60-62). – Сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June. – Астана, 2014. – ISSN 2307-0188. – 15-25 бб.

3. Жақып М.Қ. Патша үкіметі цензурасының «Түркістан жинағына» енгізілген 1917жылға дейінгі Ресей баспасөзіне ықпалын зерттеудің ғылыми әдістері //Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mirnaučnyh issledovanij – World of scientific research. – №№4-6(82-84). – Сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June. – Астана, 2014. – ISSN 2307-017X. – 12-53 бб.

4. Жақып М.Қ.Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасу ерекшеліктерін «Қоғамдық байланыс» саласытұрғысынан талдау // Elorda ġylymihabaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital.–№№4-9(49-54). – Сәуір-қыркүйек, апрель-сентябрь, April-September. – Астана, 2014. – ISSN 2307-020X. – 16-25 бб.

5. Жақып М.Қ., Байболат Л.Б. Тарихшы Ермұхан Бекмаханов – «Түркістанжинағын» зерттеуші // Международной научно-практической конференции «Казахи в евразийском пространстве: история, культура и социокультурные процессы», посвященной 25-летию Региональной общественной организации Сибирский центр казахской культуры «Мөлдір». –Российская Федерация, Омск, 2014. – 14-15 мая. –С. 255-258.

6. Жақып М.Қ. Актуальные проблемы по подготовке кадровпо специальности «Связь с общественностью» в Республике Казахстан // VIII Международная научно-практическая конференция «Мультимедийная журналистика Евразии-2014: интегративные медиапроекты, медийная коммуникация и информационализм в условиях интеллектуализации общества Востока и Запада». – город Казань. – Республика Татарстан. – Российская Федерация. – 11-12 декабря 2014 года, Казанский (Приволжский) федеральный университет.

7. Жақып М.Қ. Үкіметтік емес ұйымдарды дамытудың ұлттық жоспары және оның қазақ қоғамы үшін маңызы // Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research. – №№7-12(85-90). – Шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December. – Астана, 2014. – ISSN 2307-017X. – 29-46 бб.

Оның ішінде 2 мақалам шетелдік ғылыми конференция жинағында жарияланды.

Еліміздің аумағында, атап айтқанда, Астана қаласында өткізілген мынадай Халықаралық және Республикалық 2 ғылыми конференцияға қатыстым:

1. Қазақстанның Азаматтық Альянсы ұйымдастырған «ТМД елдеріндегі ҮЕҰ қызметін ұйымдастырудағы Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибемен бөлісу». – 2014 жылғы 17 қазан. – Астана қаласы (Гражданский Альянс Казахстана. Международная конференция «Международное сотрудничество и обмен опытом организации деятельности НПО в странах СНГ». – 17 октября 2014 года.–город Астана).

2. 2014 жылдың 22 қазанында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының Қауымдастығы ұйымдастырған «Әлеуметтік кәсіпкерлік» атты Республикалық конференциясы. – Астана қаласы.

Бұл екі конференция туралы Республикалық 24.KZ телеарнасына сұхбат бердім.

Сонымен бірге мынадай бағыттарда ғылыми жұмыстар жүргізуді қолға алдым:

-Қазақстан Республикасында және шетелдерде үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғамның дамуынаықпалын зерттеуге арналған «Қазіргі азаматтық қоғам және PR» деген тақырыпта ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатырмын. Зерттеу нәтижелері туралы бірнеше мақала жаздым. Келешекте «Қоғамдық байланыс» мамандығы студенттеріне арналған оқу құралының бір тарауы етіп енгізу жөнінде жоспарым бар;

- «Әлеуметтік кәсіпкерлік» саласының шетелдердегі даму тәжірибесі және оны елімізде қалыптастыру мәселелесін ғылыми тұрғыдан қарастырып жүрмін. Бұл – шетелдерде, әсіресе, Оңтүстік Кореяда өте жақсы дамыған, тіпті мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық көрсетіліп отырған сала. Оның мақсаты – жұмыссыз адамдарға, мүгедектерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, т.б. қоғамның әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген топтарына көмектесу арқылы олардың кәсіпкерлік қызметтерін дамытуға бағытталған.

Бұл тақырып бойынша жинақталған материалдарды да келешекте «Әлеуметтіккәсіпкерлікжәне PR» деген тұрғыда оқу құралының бір тарауы етуге болады;

- Қазақстан Республикасы Президентінің2013 жылғы 8 қаңтардағы №464 Жарлығымен бекітілген «Ақпаратты Қазақстан – 2020» Мемлекеттік бағдарламасының «4) Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу» атты бөлімінде нысаналы индикаторлардың бірі: «2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы – 100%»,- деп көрсетілген.

Қол жеткізу жолдары: бірыңғай мемлекеттік PR-стратегиясын жасау; мемлекеттік органдардың баспасөз-қызметтерін толыққанды PR-бөлімшелеріне ауыстыру;мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың PR-құралдары арқылы сүйемелдеу туралы айтылған.

Бұл да – біздің ғылыми жұмыстарымыздың бір саласы болуы тиіс;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Осы бағдарламаның «3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларды (шағын және моноқалаларды) дамыту» атты бөлімінде бағдарлама шеңберінде шағын және моноқалаларды дамыту бойынша міндеттерді шешу үш бағыт бойынша жүзеге асырылатыны айтылған.

Сол үш бағыттың бірі –шағынжәне моноқалалардың брендингі, олардың кешенді даму жоспарларын әзірлеу.

Аталған бағыт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар университеттердіне өзге ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарды тарта отырып, әрбір шағын қаланың даму перспективалары бойынша жүйелі диагностика мен маркетингтік зерттеулер жүргізеді, оның аясында шағын қаланың экономикалық әлеуеті, оның дамуына жағымсыз әсер ететін факторлар,сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталады.

Біздің осы бағытта ғылыми жұмыс жүргізуге мүмкіндігіміз бар.

Сонымен бірге 2014 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті жариялаған 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсына арнайы жоба ұсындым.

Жоба тақырыбының атауы:«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына сәйкес «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім беру саласындағы үздік әлемдік үлгілеріне сай келетінғылыми кадрлар, магистрлер мен PhD докторларын даярлау жөніндегі қолданбалы зерттеулер».

Жобаға сарапшылар тарапынан 21 баллға ие болды.

Алдағы уақытта осы бағытта тағы да ғылыми жоба жасап, ұсынуды жоспарлап отырмын.

Сондай-ақ, баспасөз тарихына байланысты бір монография жазып, дайындадым. Бұл еңбекті кітап етіп басып шығару – жоспарда бар іс.

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры.

19.02.2015.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.06.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
26.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
21.06.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.