ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТКЕ ОҚУҒА ТҮСКІҢ КЕЛСЕ – «ЯСАУИ» ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫС!

Қымбатты 2014-2015 оқу жылында мектептер мен колледждерді бітіргелі отырған жас достар! Бүгін біз Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы мен Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырып отырған «Түркістан төрінде білім ал, жас талапкер!» атты бірлескен арнайы PR-жобасының аясында Сіздерге «Ясауи» олимпиадасы туралы ақпарат бермекпіз.

«Ясауи» олимпиадасы – Республикалық пәндік білім сайысы болып табылады.

Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасының негізгі құрылтайшысы – қасиетті Түркістан қаласында қоныс тепкен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ал оның ұйымдастырылуына жауапты мекеме – осы жоғары оқу орнының Кәсіби бағдар бөлімі.

Тұңғыш рет I Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы 2013-2014 оқу жылында өткізілді.

Аталған пәндік олимпиаданың алғашқы кезеңі Қазақстанның барлық 14 облысының орталықтарында болып өтті. Онда 11 пән бойынша 4000-ға жуық мектеп бітіруші түлек өздерінің бақтарын сынады.

Олимпиаданың қорытынды кезеңі Түркістан қаласындағы университеттің өзінде өткізілді.

Өте тартысты болған осынау білім жарысының нәтижесінде 34 мектеп бітіруші оқушы жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтарға қоса Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің гранты бойынша тегін жоғары білім алу үшін арнайы сертификаттар тапсырылды.

Қазіргі таңда II Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасына тіркелу басталып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырып жатқан II Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы туралы осы жоғары оқу орнының ғаламтордағы мына мекен-жайына кіріп, өздеріңізге қажетті толық ақпараттарды ала аласыздар:

http://www.iktu.kz/index.php/explore/2011-08-15-05-52-35/module-variations/780-talapker-2019

Сондай-ақ, біздің zertteushi.kz Интернет-ресурсымыздың төменгі оң жағында орналастырылған «Ясауи» олимпиадасы» атты бөлімде де Сіздер үшін маңызды мәліметтер жарияланған.

«Түркістан төрінде білім ал, жас талапкер!» атты бірлескен арнайы PR-жобасын жүзеге асырушылар:

Мырзантай ЖАҚЫП,

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты (PhD), доцент (of Associate Professor), Астана қаласы.

Ақәділ АЛАЙДАРОВ,

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кәсіби бағдар бөлімінің маманы, заң ғылымдарының магистрі, Түркістан қаласы.

04 желтоқсан, 2014 жыл.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.