"Қазақ тілі - мәңгілік тіл"

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша «ҚАЗАҚ ТІЛІ – МӘҢГІЛІК ТІЛ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Біздің мақсат-міндеттеріміз:

- Жоғары оқу орындары оқытушыларының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметтің кадрлық құрамының сапасын қамтамасыз етуге; азаматтық қызметшілердің олардың қызметіне байланысты мемлекеттік білім беру, ғылыми-техникалық саясатпен анықталған міндеттерді іске асыруға тұлғалық-кәсіби дайындығын арттыруға; қызмет шеңберінде білім беру жүйесінің азаматтық қызметшілерінің үздіксіз білім алуына ынталандыруға ықпал ету;

- Колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес педагогикалық қызметтің нәтижелерін: білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, пәндік конкурстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу белсенділігін арттыруға көмектесу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасынан «Қазақ тілі» пәніне бейімді дарынды жас өрендерді анықтап, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары және мектеп мұғалімдерінің қабілетті шәкірттермен жүргізілетін жұмысты жандандыруына ғылыми-әдістемелік бағыт-бағдар беру;

- Талапты жас өрендердің ғылыми жұмыстары мерзімді баспасөз беттерінде жиі жарияланып тұруына көмектесу;

- «Қазақ тілі» пәні бойынша колледж студенттері мен мектеп оқушыларына кәсіптік бағыт-бағдар беру;

- Жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін және мектептердің оқушыларын ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға тарту жолымен олардың бойына зерттеушілік дағдыларын дарыту және ғылыми жұмыстар жүргізуге баулу;

- Жоғары оқу орындары мен колледждер студенттерінің және мектеп оқушыларының Республикалық ғылыми жоба жарыстарына белсене қатысуына, журналда ғылыми жұмыстарын жариялауына көмектесу.

Ғылыми жұмыстардың негізгі тақырыптық бағыттары (біреуін таңдап алу қажет):

- Лексика;

- Сөздік қор;

- Фонетика: Дауысты дыбыстар; Дауыссыз дыбыстар; Буын және тасымал;

- Үндестік заңы: Орфография, орфоэпия;

- Сөзжасам;

- Морфология: Зат есім; Сын есім; Сан есім; Есімдік; Етістік; Үстеу; Еліктеу сөздер; Одағай; Шылау;

- Синтаксис: Сөз тіркесі; Сөйлем; Сөйлем мүшелері; Жай сөйлем; Құрмалас сөйлем; Оқшау сөздер; Қаратпа сөз; Қыстырма сөз; Төл сөз;

- Пунктуация: Тыныс белгілері;

- Стилистика: Сөз мәдениеті; Шешендік сөз.

Ғылыми жұмыстар мазмұнының негізгі сипаттамасы (біреуін таңдап алу қажет):

- Фонетика мен графика: Орфографиялық және орфоэпиялық дағдылар;

- Орфоэпия мен орфография: Әдеби тіл нормалары мен орфографиялық біліктіліктері;

- Лексика: Тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

- Сөзжасам: Тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

- Морфология: Тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

- Синтаксис: Тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу;

- Пунктуация: Тыныс белгілерді қолдана білу дағдылары;

- Стилистика: Әдеби тілді меңгеру дәрежелері, сөйлем құрау дағдылары.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Ғылыми жұмыс колледж студентінің немесе мектеп оқушысының өзі жазған, бұған дейін ешқайда ұсынылмаған және ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Колледж студенті немесе мектеп оқушысы өз ғылыми жұмысында «Қазақ тілі» пәні бойынша жалпы дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 10 беттен аспайтын ғылыми жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Ғылыми жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Ғылыми жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні, оқитын тобы, курсы, мамандығы, сыныбы, жоғары оқу орнының, колледжінің немесе мектебінің толық атауы, жетекші оқытушы-мұғалімінің толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің немесе мектептің орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Конкурсқа ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады.

Конкурсқа қатысып, жұмыстары журналда жарияланған авторларға және олардың жетекші оқытушылары мен мұғалімдеріне Грамоталар тапсырылады.

Ғылыми жұмыстар жарық көрген соң журнал және тиісті Грамоталар автордың мекен-жайына «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Конкурстың жауапты ұйымдастырушысы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Жақып Мырзантай Қожабайұлы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінде ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген (куәлік сериясы МК, №002022), ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы, 2-бөлімінің 3) тармағына, «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және ғылыми жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін ғылыми жұмыстар конкурстарын ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

Жақып Мырзантай Қожабайұлы, ЖСН/ИИН 650515303049, ағымдағы есепшот/текущий счет KZ7292615015Н9120005, БИК KZKOKZKX, АО «Казкоммерцбанк», КОд 19, КБе 19, КНП 861, «Білім беру қызметі/Образовательные услуги».

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстардың электрондық нұсқасы және төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады: E-mail: info@zertteushi.kz

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. ғылыми жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми жұмыстар әр айдың 15-іне дейін қабылданады.

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

Ескерту:

Құрметті «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» конкурсына қатысушы студенттер мен оқушылар және олардың жетекші ұстаздары!

Сіздерден:

1. Конкурсқа бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жұмыстарды көшіріп алмауларыңызды; оқытушылар мен мұғалімдердің жетекшілік етуімен колледж студентінің немесе мектеп оқушысының шын мәнінде өзі жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарын жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторлары мен жетекшілерінің фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.