КОЛЛЕДЖ БІТІРГЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӨРЕСКЕЛ ҚАТЕЛІКТЕРДІ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТҮЗЕТУІМІЗ КЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында жарияланған «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына» сәйкес техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін 2016 жылғы 17-23 шілде аралығында кешенді тестілеу өткізіледі.

Яғни колледждерді бітірген түлектер кешенді тестілеу сынақтарын тапсыра отырып, жинаған ұпайларына қарай, өздерінің таңдаған жоғары оқу орнындағы мамандықтарына колледжде алып шыққан мамандықтарының сәйкес келуіне қарай білім гранты конкурсына қатысады.

Ал білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 23-31 шілде кезеңінде қабылданады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуіші мен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішінің сәйкестік кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 маусымдағы №316 бұйрығы» жарияланған – http://edu.gov.kz/kk/talapker-2016.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor) ретінде Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 08-2009) «5В042200 – Баспа ісі», «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарына Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 05-2008) мамандықтардың сәйкестігі өрескел түрде қате көрсетілген деп есептейміз.

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 маусымдағы №316 бұйрығында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 08-2009) «5В042200 – Баспа ісі» мамандығы мен Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 05-2008) «0402000 – Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы (біліктіліктері – «Дизайнер», «Көркемдік-әсемдеу жұмыстарын орындаушы») және «1227000 – Баспа өндірісі» мамандығы (біліктіліктері – «Брошюралаушы», «Түптеуші», «Тегіс баспа баспагері», «Түзетуші», «Полиграфия өнеркәсібі ұйымдарының жабдықтарын монтаждаушы», «Фото теру автоматтары мен жүйелерінің операторы», «Электрондық теру және беттеу операторы», «Электрондық түрлі түсті ажырату операторы», «Кесуші», «Техник-технолог», «Жабдықтарды жөндеу және пайдалану технигі») сәйкес келеді деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуіші бойынша «5В042200 – Баспа ісі» мамандығы «Өнер» мамандықтары тобына жатады.

«Ауылдық білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы белгіленген жоғары арнайы білім беру және бакалавриат мамандықтарының тізбесiн және ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №326 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда №13739 болып тіркелген) «Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесінде» «5В042200 – Баспа ісі» мамандығының таңдау бойынша және бейіндік пәндері 2-шығармашылық емтихан және 1-ші шығармашылық емтихан болып белгіленген.

«5В042200 – Баспа ісі» мамандығын таңдаған талапкерлер таңдау пәні ретінде еркін тақырыпқа жазбаша эссе жазуы, ал бейіндік пәні ретінде мәтінді редакциялауы тиіс.

Ал Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі «1227000 – Баспа өндірісі» мамандығы «1200000 – Өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалары бойынша)» білім бейініндегі мамандықтар тобына жататындықтан, оны Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің «Өнер» мамандықтар тобына жататын және талапкерлердің еркін тақырыпқа жазбаша эссе жазуын, мәтінді редакциялауын талап ететін «5В042200 – Баспа ісі» мамандығымен сәйкестендіру өрескел қате болып табылады деп есептейміз.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі «0402000 – Дизайн (бейін бойынша)» және «1227000 – Баспа өндірісі» мамандығықтары мен Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі «Техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтар тобындағы «5В072200 – Полиграфия» мамандығы өзара сәйкес келеді десек, ақылға қонады.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №326 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда №13739 болып тіркелген) «Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесінде» «5В050400 – Журналистика» мамандығының таңдау бойынша және бейіндік пәндері 2-шығармашылық емтихан және 1-ші шығармашылық емтихан болып белгіленген.

Сол себепті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 маусымдағы №316 бұйрығында Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі «011106 3 – Математика мұғалімі» және «011107 3 – Физика мұғалімі» мамандықтары «0111000 – Негізгі орта білім беру» білім бейініндегі мамандықтар тобына жататындықтан, оны Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобына жататын және талапкерлердің шығарма жазуын және кәсіби жарамдылығын анықтауға арналған әңгімелесуді талап ететін «5В050400 – Журналистика» мамандығымен сәйкестендіру де өрескел қате деп есептейміз.

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 21 маусымдағы №316 бұйрығында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 08-2009) «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы мен Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі (ҚР МЖ 05-2008) «1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» мамандығы сәйкес келеді деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуіші бойынша «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобына жатады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 14 мамырдағы № 211 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №326 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 мамырда №13739 болып тіркелген) «Ұлттық бірыңғай тестілеу және кешенді тестілеу жүргізілетін таңдау пәндері мен бейінді пәндер көрсетілген мамандықтар тізбесінде» «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының таңдау бойынша және бейіндік пәні «Қазақ (орыс) әдебиеті» пәні болып белгіленген.

Бұған дейін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының таңдау бойынша және бейіндік пәні «География» пәні болып белгіленіп келген болатын.

Ал Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес «1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бойынша білім бейініне мынадай мамандықтар мен кәсіптер тобы жатады: «Электрондық техника», «Электрондық құралдар мен құрылғылар» («Техник»), «Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» («Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі», «Электромеханик», «Өнеркәсіп электроншысы», «Өнеркәсіп электригі»), «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» («Электромонтер-релейщик», «Сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электромонтері», «Байланыс аппаратура мен құрылғыларына қызмет көрсету және жөндеу электромонтері», «Электромеханик»), «Информатика және есептеу техникасы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)» («Электрондық есептеу машиналарының операторы», «Байланыс құрастырушысы-кабельші», «Техник», «Техник-бағдарламашы», «Ақпаратты қорғау технигі», «Компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсетуші техник», «Техник-электроник», «Электрондық-есептеу машиналарын баптаушы»), «Ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)» («Дизайнер», «Техник-бағдарламашы», «Техник»), «Байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникациялар», «Радиоэлектроника және байланыс (түрлері бойынша)» («Телекоммуникациялық желілер және жүйелер бойынша электромонтер», «Телефон байланысы электромонтері», «Байланыс операторы», «Байланыс кабелін монтаждаушы», «Пошта байланысының технигі», «Байланыс технигі», «Техник-радиомеханик», «Техник-электроник», «Техник-радиотехник»), «Электр байланысымен және желімен хабарлау желілік құрылыстарын пайдалану» («Желілік құрылыстар мен телекоммуникация желілерін пайдалану бойынша бақылаушысы», «Электр байланысы және желімен хабарлау желілік құрылыстарының электромонтері», «Байланысты монтаждаушы-кабелші», «Телефон байланысының стансалық жабдықтары электромонтері», «Техник», «Байланыстың желілік құрылымдары мен абоненттік құрылғылар электр механигі»), «Автоматтандырылған байланыс жүйесін пайдалану» («Ұшуды қамтамасыз ететін жүйелердің жарық-техникалық құрал-жабдығына қызмет көрсету бойынша электромеханик», «Байланыс құрал-жабдығын құрастырушы», «Техник», «Электромеханик», «Электроншы-техник»), «Оптикалық және электрондық құрал-жабдықтар (түрлері бойынша)» («Байланыс технигі», «Электроншы-техник», «Техник-метеоролог»), «Көлік радио электрондық жабдықтарды техникалық пайдалану (көлік түрі бойынша)» («Жабдықты жөндеу және пайдалану технигі», «Электромеханик», «Техник», «Радионавигация, радиолокация мен байланыс технигі», «Техник-электрик», «Электроншы-техник», «Байланыс жөніндегі техник»), «Темір жол көлігінің жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану» («Байланыс электромеханигі»).

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуіші бойынша «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтар тобына жататын «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы мемлекеттік және жеке меншік мекемелер мен ұйымдардың баспасөз қызметтері мен PR-орталықтарына арнап мамандар даярлауды көздейді.

Ал Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіне сәйкес «1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» білім бейінінде кәсіптік орта білімі бар техник-мамандарды оқытып шығару мақсат етілген.

Сол себепті Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі әлеуметтік бағыттағы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы мен Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі техникалық бағыттағы «1300000 – Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» мамандығының бір-біріне сәйкес деп танылуы өрескел қателік деп санаймыз.

Біздің ұсынысымыз. Жоғарыда атап көрсетілген осынау өрескел қателіктерді жедел түрде жөндеу мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішіндегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы (ҚР МЖ 08-2009) «5В042200 – Баспа ісі», «5В050400 – Журналистика» және «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандықтарына Қазақстан Республикасының Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар жіктеуішіндегі әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы (ҚР МЖ 05-2008) мына мамандықтар сәйкес келеді деп белгілеуді ұсынамыз:

0102000 – Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (деңгей бойынша).

010201 3 – Қосымша білім беру педагогы.

010202 3 – Ұйымдастырушы – педагог.

010203 3 – Білім беру ұйымының тәрбиешісі.

010204 3 – Білім беруді  ұйымдастыру бастауышы.

0111000 – Негізгі орта білім беру.

011101 3 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

011102 3 – Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.

011103 3 – Ұйғыр тілі мен әдебиеті мұғалімі.

011104 3 – Өзбек тілі мен әдебиеті мұғалімі.

011105 3 – Өзін-өзі тану мұғалімі.

011108 3 – Шетел тілі мұғалімі.

011110 3 – Ағылшынша білімі бар өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

Біз жоғарыда баяндалған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Мәуленұлы Өмірбаев мырзаның атына арнайы хат жазып жібердік.

Біздің ұсыныстарымызға Білім және ғылым министрлігі назар аударып, жоғарыдағы қателіктерді жедел түрде түзетеді деп үміттенеміз.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Журналистика және саясаттану факультетінің

доценті (of Associate Professor), ф.ғ.к. (PhD).

Жаңалықтар

22.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
20.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС – ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ» атты еркін тақырыпқа жазбаша эссе конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Эссені кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
17.11.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыратыны туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.