МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

2014 жылғы 22-23 қаңтарда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақып Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған білім беру мәселелеріне арналған тапсырмаларды жүзеге асыруға үлес қосу және мектептер мен колледждерді бітірушілердің болашақ мамандықтарын таңдауына кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы №7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейінде университетті таныту шараларын өткізіп, мектеп бітірушілерімен, ұстаздар қауымымен және ата-аналар өкілдерімен кездесулер ұйымдастырды.

Кездесуге Шымкент қаласындағы барлық мектептердің 11 сынып оқушылары болып табылатын биылғы жылғы «Алтын белгі» үміткерлері қатысты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар екенін айта келіп:

«Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын», - деген болатын.

Кездесулер барысында Мырзантай Қожабайұлы Жақып Президентіміздің Жолдауындағы білім беру мәселесіне арналған осындай өзекті мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы айта келіп, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы мектептерді, сондай-ақ, №7 Қ. Спатаев атындағы мектеп-лицейін 2014 жылы бітіргелі отырған жастарды және «Алтын белгі» үміткерлерін Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, оның ішінде Журналистика және саясаттану факультетіне түсіп, білім алуға шақырды.

 

25.01.2014 ж.

 

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz сайтына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

24.04.2017
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығыеліміздің бастауыш, негізгі орта және жалпы ортабілім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» аттыРеспубликалықконкурсын жариялайды.Конкурсқа мектеп мұғалімдерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады.Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі.Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
19.04.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің оқытушылары мен мұғалімдерінің және балалар бақшалары тәрбиешілерінің арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған жұмыстар қабылданады.