МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНДЕ АҚПАРАТҚА ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІНЕ ОРАЙ ІС-ШАРА ӨТКІЗДІК

Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік. 

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданының Атакент кентіндегі «№14 колледж» МКҚК-де студент жастармен болған кездесуді аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Қахраманұлы Кенжебаев ашып, жүргізіп отырды. 

Және Мақтаарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі міндетін уақытша атқарушы Әділхан Айдаханұлы Тұрсынханов қорытындылап, сөз сөйледі. 

Ал Жетісай қаласындағы Мәдениет үйінде өткізілген Жетісай ауданы әкімдігінің жас мемлекеттік қызметшілерімен және студент, жұмысшы жастарымен болған кездесуді Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жанұзақұлы Жолдасбеков ашып, жүргізіп отырды. 

Іс-шара кезінде Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарын, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерін: 

- «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ Заңымен; 

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен; 

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 171-VІ ҚРЗ Заңымен;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 4 шiлдедегi № 172-VІ ҚРЗ Заңымен;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен»;

- Елордамыздағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің тыныс-тіршілігімен;

- «Қоғамдық байланыс» мамандығының ерекшеліктерімен және осы сала бойынша студенттер мен магистранттарға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметінің барысымен жан-жақты таныстырдық. 

Өзіміз басшылық жасайтын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған осы іс-шараны өткізуге жас кәсіпкер, ұлтжанды азамат Асқар Рахымбердиев белсене атсалысқанын ерекше атап өткіміз келеді. 

Сонымен бірге Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты аталған өңірді екіге бөліп, Мырзашөл, Шардара және Сарыағаш өңірлеріндегі қала, аудандардан еліміздің 15-ші жаңа Оңтүстік Қазақстан облысын құру туралы ұсынысымызға орай қарапайым қара халықтың көзқарасын білу мақсатында өзіміз басшылық жасайтын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымының бастамасымен және жас кәсіпкер, ұлтжанды азамат Асқар Рахымбердиев бауырымыздың демеушілік етуімен Астана – Шымкент – Сарыағаш – Абай – Атакент – Жетісай – Шардара – Ұзын Ата – Алатау батыр – Сүткент – Байырқұм – Арыс – Шымкент – Астана бағытымен жол жүріп, ел арасындағы қоғамдық пікірді зерттеп қайттық. 

Осы тақырып бойынша сілтемелер:

http://zertteushi.kz/news_260920181

http://maqtaaral-bilim.kz/glavnye-novosti/1431-news-26092018-03

https://abai.kz/post/77815

https://www.qamshy.kz/article/mirzashol-shardara-zhane-sariaghash-onhirindegi-500-minh-xaliqti-oylap-zhanha-15-shi-oblis-qurayiq.html

http://ult.kz/post/myrzashol-men-shardarada-zhana-oblys-kuryluy-kerek

http://politic.bugin.kz/139-on-besinshi-dganha-onhtustik-qazaqstan-oblysyn-quru-qadget 

Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі үкіметтік емес ұйымы Түркістан облысының әкімшілік орталығы Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты Түркістан облысының орталығынан 250 шақырым қашықтықта қалып қойған, кем дегенде 500 мың халық тұратын осынау түкпірдегі өлкеде – Мырзашөл және Шардара өңірінде ұлттық мәдениетті ілгерілету, азаматтардың, әсіресе жастардың бойында білімге құштарлықты қалыптастыру секілді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, нақты адамдармен, әсіресе жастармен рухият саласында жүйелі жұмыс істеуді, түкпірде қалып отырған осы өлкеде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың арнайы Жарлығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын жүзеге асырып, арнайы танымдық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

АНЫҚТАМА:

Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ұйымы – ЮНЕСКО-ның 2015 жылғы 17 қарашадағы қарары бойынша 28 қыркүйек – Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күні деп ресми түрде жарияланған.

Қазақстанда 28 қыркүйек – Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күні ретінде 2016 жылдан бері ресми түрде аталып келе жатыр.

Сонымен бірге 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының № 401-V ҚРЗ Заңы ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің директоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD).

2018 жылғы 04 қазан.

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

29.11.2018
Кеше, 2018 жылғы 28 қараша күні Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның VIII Азаматтық форумына қатысқанын еліміздің барлық жетекші бұқаралық ақпарат құралдары жедел түрде хабарлап, жазып жатыр. Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық Альянсының арнайы шақыруымен Президентіміздің азаматтық қоғам белсенділерімен өткізген арнайы кездесуінде біз де болдық. Осы орайда, Елбасымызбен осынау жүздесуден алған әсерімізбен қысқаша бөліскенді жөн көріп отырмын.
26.11.2018
Елі сүйген, елін сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде жатқан Мырзашөл өңірінің игерілу тарихын терең зерттеуге кеңінен жол ашып отыр.
22.11.2018
Біздің Мырзашөл өңірінің тұрғындарына Түркістан облысының жаңа орталығы Түркістан қаласы тым ұзақ, барып-келуге көптеген қиындықтар туғызуда.