«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» – ҚАЗІРГІ ҚОҒАМҒА ҚАЖЕТ МАМАНДЫҚ Еліміздің дарынды жастарын Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырамыз!

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2017 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!

«Қоғамдық байланыс» қандай мамандық?

«Қоғамдық байланыс» – Еуразия жүрегі – Астана қаласы мен Қазақ елін саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы әртүрлі отандық және халықаралық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру арқылы әлемге танытатын, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік имиджін қалыптастыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – Интернет, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары арқылы халық пен ресми билік орындарын, мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік емес ұйымдарды, банктер мен бизнес өкілдерін, кәсіпкерлік құрылымдардыбір-бірімен байланыстыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – ақпараттық-талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы заңдар мен ресми құжаттарды халыққа түсіндіріп, экономиканың әртүрлі салалары бойынша бағыт-бағдар беріп отыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің атқарып жатқан жұмыстарын жұртшылыққа дер кезінде хабарлап тұратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – қоғамда орын алып жатқан өткір мәселелерге жедел түрде Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің назарын аударып, халықтың мұң-мұқтажын ресми билік орындарына жеткізіп отыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – белгілі бір қызмет және тауар түрлерінің, идеялардыңнемесе жалпы ұйымдардың жағымды бейнесін жасап, қалыптастыруға және олардың абыройын жақсартуға бағытталған, мекеме, ұйым, кәсіпорынның сыртқы әлеммен өзара қатынасу үлгісін ұсынатын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – әлемнің өркениетті, озық елдерінде бұрыннан қалыптасқан, ал біздің елімізде нарықтық экономика жағдайында 90-шы жылдардың басында дами бастаған, әлеуметтік ғылымдардың бір саласы және ізденімпаз жастарға сапалы білім беретін мамандық.

Л.Н. ГумилеватындағыЕуразияұлттықуниверситетін«5В051400 – Қоғамдық байланыс»мамандығы бойынша бітірген түлектеріміз:

- Мемлекеттік басқару органдарында;

- Еліміздегіжәне шетелдердегі мемлекеттік және жеке меншікқұрылымдарда;

- Баспасөзқызметтерінде, БаспасөзбасқармаларыменБаспасөзбөлімдерінде, PR қызметтерінде, PR басқармалары мен PR бөлімдерінде және PRагенттіктерінде;

- Еліміздегіжәне шетелдердегі саяси, маркетингтік, зерттеу және консалтинг құрылымдарында;

- Ақпараттық-коммуникациялық құрылымдар мен Жарнама агенттіктерінде;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет-ресурстарда (Интернет-сайттарда), телеарналарда, радиоарналарда, әлеуметтік желілердегі маркетинг жүйесінде;

- Өнер және шоу-бизнес салаларында қызмет атқарады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетіне қарасты «5В051400 – Қоғамдық байланыс»мамандығыТелерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының құрамына кіреді.

2009 жылдың 26 ақпанында құрылған Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасына бүгінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов басшылық жасайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары (PhD) мен доценттер (of Associate Professor), «Қоғамдық байланыс» (PR) саласының білікті мамандары мен аға оқытушылар сабақ береді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлер мына пәндерден Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сынақтарын тапсырады:

- Міндетті пәндер (үшеу): Математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы;

- Бейіндік пәндер (екеу): бейінді пәндер жұптарының кез-келгенін таңдауға болады.

ҰБТсынақтарын тапсыру мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандық болып табылады.

Сол себепті ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының еліміздің кез-келген қаласында орналасқан бөлімдерінде тапсыруға болады.

Алайда екі шығармашылық емтиханды міндетті түрде Астана қаласына келіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясына құжат тапсыра отырып, біздің жоғары оқу орнымызда тапсыру қажет.

Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлер міндетті пәндерге қоса мынадай екі шығармашылық емтихан тапсырады:

- Бірінші шығармашылық емтихан – Еркін тақырыпқа жазбаша эссе;

- Екінші шығармашылық емтихан – Ауызша презентация.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлерден:

- Екі шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қабылдау комиссиясында 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады;

- «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша екі шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де өткізіледі.

Біз еліміздің дарынды жастарын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырамыз!

 

Құрметпен,

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасыныңдоценті(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы»мекемесінің директоры.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kzИнтернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

Жаңалықтар

20.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
18.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа колледж оқытушыларының өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.
15.09.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «БАЛАЛАР БАҚШАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа балалар бақшалары қызметкерлерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.