Барлық жаңалықтар

МАҚТААРАЛДАҒЫ БІР ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР АТАКЕНТ КЕНТІНЕ ҚАЛА МӘРТЕБЕСІН БЕРУ МӘСЕЛЕСІ ОСЫДАН АЛПЫС ЖЫЛ БҰРЫН КӨТЕРІЛГЕН!

Соңғы жылдары жиі қозғалып келе жатқан, еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан қазіргі Мақтаарал және Сарыағаш аудандарын бөлу және сонау 90-шы жылдардың соңында еліміздегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты Елбасымыздың 1997 жылғы 24 сәуiрдегi №3474 Жарлығымен таратылған бұрынғы Мақтаарал, Жетісай, Асықата, Сарыағаш және Келес аудандарын қайта қалпына келтіру туралы мәселе 2018 жылғы 20 ақпанда өткізілген алтыншы шақырылымдағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының ХХ сессиясының күн тәртібінде қаралып, депутаттардан қызу қолдау тапқаны белгілі.

Толығырақ

«ЗЕРТТЕУШІ – ИССЛЕДАВАТЕЛЬ – THE RESEARCHER» ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАР

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі ұйымдастырып отырған «Мектеп мұғалімдерінің үздік әдістемелік жұмысы», «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы», «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» және «Мәңгілік Ел тарихы», және атты конкурстарына келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Зерттеушi – Исследователь – The Researcher» ғылыми журналының 2017 жылғы №№1-12(129-140) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару мақсатында баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

Жаңалықтар

18.06.2018
Екі күннен кейін, 20 маусымда басталатын Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлының sputniknews.kz Интернет-сайтының тілшісі, талантты журналист ТОҚТАМҰРАТ Кенжекейдің сұрақтарына берілген жауаптары
08.06.2018
Осыдан 30 жыл бұрын Эстония халқы өз елдерінің астанасы Таллинн қаласының аты қате жазылып жүр деген мәселе көтеріп, тарихи атаудың о бастағы қалпын сақтауды, сөйтіп бұрын «Таллин» деп бір «н» әрпімен жазылып келген қаланың ресми атының соңына тағы бір «н» әрпін қосып, дұрыс жазуды талап еткені есімізде.
07.06.2018
Оңтүстіктегі, оның ішінде Мырзашөл өңіріндегі барша ағайындарды тарихи Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш және Келес аудандарының қайта қалпына келтірілуімен, Мырзакент кентінің Мақтаарал ауданының орталығы, ал Абай ауылының Келес ауданының орталығы мәртебесін қайта иеленуімен шын жүректен құттықтаймын!