Барлық жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН «ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ РЕПОРТЕР ІСІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУГЕ АРНАЛҒАН «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» АТТЫ ЖАЗБАША ЖҰМЫСТАР (ШЫҒАРМАЛАР) КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған «ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР» атты жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Толығырақ

СТУДЕНТТЕР МЕН МЕКТЕПТЕР ОҚУШЫЛАРЫН «ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ РЕПОРТЕР ІСІ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТОБЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУГЕ АРНАЛҒАН «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты шығармашылық жұмыстар конкурсын жариялайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Толығырақ

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.