Барлық жаңалықтар

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ

Жақында Астана қаласының №54 мектеп-лицейінде оқушылар арасында «Мен және менің сүйікті мамандығым» атты тақырыпта жобалар сайысы өткізілді.

Толығырақ

ДӘСТҮРЛІ ЖАЛҒАСТЫҚ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕР

Жуырда Астана қаласында «Дәстүрлі жалғастық және инновациялық ізденістер» атты ғылыми-әдістемелік семинар болып өтті.

Толығырақ

Жаңалықтар

20.10.2017
Біздің бір жақсы жаңалығымыз бар. ҚР Білім және ғылым министрі Е.К. Сағадиев мырза келесі аптада, 2017 жылғы 27 қазанда білім және ғылым саласындағы Үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізуі тиіс. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне қарасты Азаматтық қоғам істері комитетінің ресми сайтында жарияланған «Орталық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтық сектор өкілдерімен халықтың өзекті мәселелерін талқылау бойынша 2017 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы тұрақты кездесулер кестесінде» осылай деп жоспарланған.
16.10.2017
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі (Мекеме) кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн, қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын, білім саласындағы ақпаратқа қол жеткізу, педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіптік оқыту, жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету жұмыстарын іске асыруға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру, заңдық және құқықтық кеңес беру, редакциялық-баспа ұйымы болып табылады.
11.10.2017
Ресми түрде еңбек демалысында болсақ та, жаз бойы талапкерлер мен ата-аналардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл істі еріккеннен немесе бастықтардың көздеріне түсу мақсатымен емес, қарапайым қара халықтың мүддесі үшін атқардық.