Барлық жаңалықтар

«5В051400 – ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы» білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар бойынша кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің ең басты мақсаттарының бірі де осындай: білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ VI АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРҒАН ХАТ КЕЛДІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың атына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы мен Үкіметі мүшелерінің қатысуымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырумен өткізілетін Қазақстанның VI Азаматтық форумының жұмысына қатысуға шақырған хат келді.

Толығырақ

Жаңалықтар

18.06.2018
Екі күннен кейін, 20 маусымда басталатын Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлының sputniknews.kz Интернет-сайтының тілшісі, талантты журналист ТОҚТАМҰРАТ Кенжекейдің сұрақтарына берілген жауаптары
08.06.2018
Осыдан 30 жыл бұрын Эстония халқы өз елдерінің астанасы Таллинн қаласының аты қате жазылып жүр деген мәселе көтеріп, тарихи атаудың о бастағы қалпын сақтауды, сөйтіп бұрын «Таллин» деп бір «н» әрпімен жазылып келген қаланың ресми атының соңына тағы бір «н» әрпін қосып, дұрыс жазуды талап еткені есімізде.
07.06.2018
Оңтүстіктегі, оның ішінде Мырзашөл өңіріндегі барша ағайындарды тарихи Мақтаарал, Жетісай, Сарыағаш және Келес аудандарының қайта қалпына келтірілуімен, Мырзакент кентінің Мақтаарал ауданының орталығы, ал Абай ауылының Келес ауданының орталығы мәртебесін қайта иеленуімен шын жүректен құттықтаймын!