Барлық жаңалықтар

«5В051400 – ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДЫҒЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ КӘСІПТІК ПРАКТИКАДАН ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы» білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар бойынша кәсіптік практика жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады және «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қызметінің ең басты мақсаттарының бірі де осындай: білім алушылардың кәсіптік практикасын, сондай-ақ жас мамандардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-өндірістік тағылымдамасын ұйымдастыру.

Толығырақ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ VI АЗАМАТТЫҚ ФОРУМЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРҒАН ХАТ КЕЛДІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың атына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы мен Үкіметі мүшелерінің қатысуымен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Қазақстан Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастырумен өткізілетін Қазақстанның VI Азаматтық форумының жұмысына қатысуға шақырған хат келді.

Толығырақ

Жаңалықтар

07.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентінің http://www.akorda.kz/kz ресми сайтында жарияланған Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауының «III. Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру» атты бөлімінің Екінші тармағында: «Еліміздің аумақтық дамуына жаңа тәсілдер енгізуді қамтамасыз ету қажет», - деп жазылған.
07.10.2018
В Послании Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана от 5 октября 2018 г. «Рост благосостояния казахстанцев: повышение доходов и качества жизни», опубликованном на официальном сайте Президента Республики Казахстан http://www.akorda.kz/ru/, в разделе «III. Создание комфортной среды проживания», написано следующее: «Второе. Нужно обеспечить внедрение новых подходов к территориальному развитию страны».
04.10.2018
Қазақстан Республикасы Президентi Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің және Түркістан облыстық әкімдігінің келісімі бойынша 2018 жылдың 28 қыркүйегінде Ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізудің Халықаралық күніне орай «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің бастамасымен Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының студент және жұмысшы жастарымен, сондай-ақ жас мемлекеттік қызметшілерімен бірнеше кездесу өткіздік.