Барлық жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРЫ МАГИСТРАНТТАРДЫ ІСКЕРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА ШАҚЫРАДЫ

Құрметті магистранттар! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (1-бөлім. Магистратура) сәйкес магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады және магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жариялануы тиіс.

Толығырақ

КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТЕРДІҢ МҰҒАЛІМДЕРІН «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – ЗЕРТТЕУШІ» КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледждер мен мектептердің барлық пәндердің оқытушылары мен мұғалімдері арасында өздері жүргізетін сабақтарының ғылыми-әдістемелік салаларынан ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстар жазу бойынша Республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» конкурсын жариялайды. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.