Барлық жаңалықтар

«ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» ШЫҒАРМАЛАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетімен бірлесе отырып, Қазақстан колледждердің студенттері және мектептерінің оқушылары арасында барлық пәндер бойынша «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсын өткізіп жатыр.

Толығырақ

МЕКТЕПТЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

2012 жылдың 15 қарашасында Астана қаласындағы Оқушылар сарайында (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Мектептегі көшбасшылық және басқару – 2012» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды. Аталған іс-шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырып отыр.

Толығырақ

Жаңалықтар

19.01.2018
Елбасымыз ұсынған Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында «Түркістан жинағы» (1867-1939) және мерзімді баспасөз материалдары (1917-2017) негізінде Қазақстанның оңтүстігіндегі Мырзашөл және Қызылқұм өңірлерін зерттеу жұмыстарын жүргізу – уақыт күттірмес міндетіміз
17.01.2018
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы бастауыш, негізгі орта және жалпы орта мектептердің білім алушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық пәндер бойынша Республикалық «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСЫ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
15.01.2018
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың арасында «МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ» атты Республикалық конкурсын жариялайды. Конкурсқа мектеп мұғалімдерінің өздері жүргізетін сабақтарының, тәрбие сағаттарының, құрастырған бағдарламаларының ғылыми-әдістемелік салаларынан жазып, дайындаған ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстары қабылданады. Конкурс әрбір оқу жылында жүргізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің бірінде жазылған жұмыстарды жіберу керек.