Барлық жаңалықтар

«ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ӘЛЕМІ» ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАР

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Үздік педагог-зерттеуші», «Үздік жас ғалым» және «Үздік жас қаламгер» конкурстарына 2013-2014 оқу жылының 15 желтоқсанына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» журналының 2013 жылғы №№7-9(73-75) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлеріне үндеуі

Аса құрметті ұстаздар!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығымен «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» бекітілген болатын.

Толығырақ

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.