Барлық жаңалықтар

«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА ЕРЕКШЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТУҒЫЗДЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың2013 жылдың 8 қарашасында министрліктер мен ұлттық компаниялар баспасөз қызметкерлеріне арналып Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз орталығында өткізілген «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбындағы семинарда жасаған «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың теориялық және тәжірибелік ерекшеліктері» атты баяндамасы отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы қауым тарапынан ерекше қызығушылық туғызды.

Толығырақ

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ЖАҚСАРТУ

2013 жылдың 8 қарашасында министрліктер мен ұлттық компаниялар баспасөз қызметкерлеріне арналып Астана қаласындағы Ұлттық баспасөз орталығында өткізілген «БАҚ және мемлекеттік органдар қарым-қатынасын жақсарту» тақырыбындағы семинарға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының директоры Мырзантай Қожабайұлы Жақып қатысып, «Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша мамандар даярлаудың теориялық және тәжірибелік ерекшеліктері» атты баяндама жасады.

Толығырақ

Жаңалықтар

19.04.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың шығармашылық жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға және «Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалар тобы бойынша кәсіптік бағдар беруге арналған еркін тақырыптар бойынша «ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ» атты шығармалар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Шығармаларды кез-келген еркін тақырыпта жазып, жолдауға болады. Конкурс жыл сайын өткізіледі.
17.04.2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылдың 14-15 сәуір күндері Өзбекстан Республикасына барған алғашқы мемлекеттік сапарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мұқият қарап, қадағалап отырдық.
12.04.2019
Бүгін, 12 сәуір – Ғылым қызметкерлері күні «Әлеуметтік-гуманитарлық зиялы қауым өкілдері мемлекеттің қолдауына ие болып отыр ма?» деген сұрақ төңірегінде бір-екі ауыз сөз жазғымыз келеді.