Барлық жаңалықтар

«ЕЛОРДА ҒЫЛЫМИ ХАБАРШЫСЫ» ЖУРНАЛЫНДА ЖАРИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫСТАР

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ұйымдастырып отырған «Үздік педагог-зерттеуші», «Үздік жас ғалым» және «Үздік жас қаламгер» конкурстарына 2013-2014 оқу жылының 15 қарашасына дейін келіп түскен жұмыстардың бір тобы «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital» журналының 2013 жылғы №№7-9(40-42) санында жариялау үшін дайындалып, журналдың аталған нөмірі басып шығару үшін баспаханаға тапсырылғанын хабарлаймыз.

Толығырақ

МАГИСТРАНТТАР ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАРЫН «ВАК» ЖУРНАЛДАРЫНДА ЖАРИЯЛАУҒА МІНДЕТТІ ЕМЕС

Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жастардан көптеген сұрақтар келіп түсуде, олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.

Толығырақ

Жаңалықтар

15.07.2019
Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік грантын ұтып алған болатын.
24.06.2019
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік гранты аясында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі Түркістан облысының Мырзашөл өңірінде Ақпараттық-білім беру орталығын құруды және «Балалар құқығы» жазғы мектебін ашуды жоспарлап отыр.
21.06.2019
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Елбасы конференцияда сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші басшысы лауазымындағы бүкіл қызметі Қазақстанды дамытуға арналғанын атап өтті.