Барлық жаңалықтар

«ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» ШЫҒАРМАЛАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ

Республикалық «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетімен бірлесе отырып, Қазақстан колледждердің студенттері және мектептерінің оқушылары арасында барлық пәндер бойынша «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсын өткізіп жатыр.

Толығырақ

МЕКТЕПТЕГІ КӨШБАСШЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

2012 жылдың 15 қарашасында Астана қаласындағы Оқушылар сарайында (Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Мектептегі көшбасшылық және басқару – 2012» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды. Аталған іс-шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ұйымдастырып отыр.

Толығырақ

Жаңалықтар

27.06.2018
Бізге белгілі мәліметтер бойынша, бүгін, 2018 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен министрлік жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді. Аталған салалық министрліктің басшысы – Үйлестіру кеңесінің төрағасы бекіткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 2018 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша маусым айында ҮЕҰ-дың экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы халықаралық пактті іске асыруға қатысуы туралы және балалар мен жастардың ортасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмысты жандандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі туралы мәселелер қарастырылуы тиіс.
25.06.2018
Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!
21.06.2018
Осыдан алты жылға жуық уақыт бұрын, 2012 жылдың 15 қарашасынан бастап Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының http://zertteushi.kz/ арнайы Интернет-ресурсы жұмыс істей бастады.