Барлық жаңалықтар

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР КОНКУРСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша «ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІ – ОҚУШЫ КӨЗІМЕН» атты ғылыми жұмыстар конкурсын ұйымдастыратыны туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі.

Толығырақ

БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Бақылау кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бақылау кеңесінің мүшелері Астананың бас білім шаңырағының даму болашағын саралап, атқарылған жұмыстар туралы есепті тыңдады.

Толығырақ

Жаңалықтар

15.03.2019
Оңтүстік өңірі жұртшылығының Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атына жазылған, Мырзашөлде жаңа облыс ашылып, бұрынғы Асықата ауданы қайта құрылуын өтінген хаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясына жолданды.
13.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған «МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫ» атты ғылыми жұмыстар конкурсын өткізетіні туралы хабарлайды. Конкурс жыл сайын өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.
11.03.2019
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері және мектептердің оқушылары арасында олардың ғылыми жоба жұмыстарын жазу белсенділігін арттыруға арналған барлық оқу мамандықтары мен пәндері бойынша Республикалық «ҮЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» конкурсын жариялайды. Конкурс жыл бойы өткізіледі. Конкурсқа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған ғылыми жоба жұмыстары қабылданады.